Беларусь ресми түрде БРИКС құрамына кірді

Сағыныш Сардарова 11 нояб. 2024 15:53 1770

Беларусь ресми түрде БРИКС-пен серіктес болды, - деп хабарлайды Dalanews.kz БЕЛТА-ға сілтеп.

Беларусь президенті Александр Лукашенко 5 қарашада Ресей президенті Владимир Путинге бағытталған, елдің БРИКС-ке серіктес ретінде қосылуға дайын екені туралы хатқа қол қойды.

Беларусьтің сыртқы істер министрі Максим Рыженков Ресей елшісі Борис Грызловпен кездесуі кезінде құжатты Ресей дипломатына тапсырды.

БЕЛТА

"Жазбаша шақыруға ресми жауап мүше мемлекеттер келіскен серіктестік мәртебесін алу рәсімінің міндетті элементі болып саналады. Дәл осы сәттен бастап Беларусь - ресми түрде БРИКС-тің серіктесі",- деп жазылған мәліметте.

Айта кетейік, бұған дейін Президентке Қазақстанның БРИКС құрылымына кіру мүмкіндігін қарастыру туралы ұсыныстар түскен болатын.

Бұл туралы Президенттің кеңесшісі - Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәли айтты.


Рекомендовать
Последние новости