БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУҒА АСЫҒЫҢЫЗДАР!

Dalanews 02 февр. 2015 04:20 1025

World Skills Kazakhstan – бұл Қазақстан көлеміндегі жұмысшы мамандықтардың деңгейін көтеру, бұған деген сұранысты арттыру, кәсіби дайындық стандарттары мен біліктілікті көтеруге бағытталған қозғалыс.

КАСИПКОРКәсіби шеберлікті арттыруға бағытталған WSK ұлттық байқауы кадрлардың дайындық деңгейін жоғары дәрежеге көтеріп, кәсіби және білімдік стандарттардың өзара алмасуына, сонымен қатар біртұтас коммуникативті инфрақұрылымның құрылуына жол ашады. Бұл өз кезегінде жұмысшылардың дайындық деңгейін жетілдіріп, жалпы алғандағы кәсіби жұмысшы кадрлар әзірлеу және мамандарды қайта даярлау ісіне оң үлес қосады. Айта кетелік, WSK – WorldSkills(www.worldskills.org) қозғалысының бір бөлшегі. Аталған бастаманы өткізуге «Кәсіпқор» холдингі қолдау танытып, Астана мен Алматының білім басқармаларына ақпараттық хаттар жіберілді.

Еске сала кетейік, 6-шы ақпанға дейін таңдалған кәсіптер бойынша кәсібі шеберліктен өту байқауына ұсыныстар қабылданады. Ал 25 ақпанда аймақтық конкурстардың жеңімпаздары анықталады. Олар өз кезегінде 6 наурызға дейін осынау кәсіби шеберлік байқауының республикалық бәйгесіне қатысатынын растауы керек. 15 сәуірде үздік көрінгендердің арасынан ҚР ұлттық құрамасы жасақталады. 11-16 тамыз аралығында ел құрамасы World Skills Competition 2015 деп аталатын Сан-Паулу қаласында өтетін Әлем чемпионатына қатысатын болады. Жарысқа қатысатындар аймақтық және ұлттық біріншіліктегі іріктеуден өтеді. Ұлттық құрамаға әр өңір таңдалған мамандық бойынша 1 ұжымды ұсына алады. Қатысушылардың жасы 18-22 жас аралығында болуы керек. Ал мамандықтар тізімі мынадай: токарь, кірпіш қалау, сантехника және жылыту, сылақ және гипоскартон жүйесі, шаштараз, аспаздық және мейрамханалық іс, АТ жүйелерін басқару. Байқауға қатысуға асығыңыздар!

P.S. Байқау шарттары туралы жан-жақты мәлімет алғыңыз келсе төмендегі анықтамалық телефондарға хабарласуға болады.

 

Анықтама:

Аймақтық іріктеудің ұйымдастырушысы «Республикалық ғылыми-методикалық орталық» АҚ +7(7172) 792551, rsmcvet@gmail.com;

Ұлттық оператор: +7(7172) 475043, amustafina@tvet.kz

Рекомендовать
Последние новости