Батька өзге елдің жолаушылар ұшағына қару қолданып, күштеп қондырды

Dalanews 25 мая 2021 02:28 1035

Күні кеше ғана Беларусь билігі елдің аумағымен ұшып бара жатқан Ryanair компаниясының ұшағын әскери ұшақпен мәжбүрлеп тоқтатып, оппозициялық NEXTA Live телеграм каналының редакторын қолына кісін салды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Осы оқиғадан кейін Батыс елдері Алексадр Лукашенконың бұл ісін айыптап, алдағы уақытта Беларусьтің үстінен ұшақтарын ұшырмайтынын айтты. Өз кезегінде Air Astana әуе компаниясы Алматыдан Минскіге тікелей рейсті ұшыруды кейінге қалдырды.

Air Astana рейстің не үшін ұшпайтынын әзірше түсіндірген жоқ. Әуе компаниясы Алматыдан Минскіге алғашқы рейсті 31 мамырда жіберуді жоспарлаған.

Ииндустрия және инфраструктуралық даму министрінің баспасөз хатшысы Мадияр Уақпаев «Қазақстан Беларусь үстімен ұшу мәселесін ведомствоаралық комиссия жиынында қарайды» деген.


Осыған дейін Латвия ұшақтарын Беларусь үстімен ұшырмайтынын мәлімдеген. Бұдан бөлек Еуропа одағы елдерінің лидерлері Ryanair ұшағын Мәскеуге мәжбүрлеп қондырып, журналист Роман Протасевичті ұстағаны үшін Александр Лукашенко әкімшілігіне санкция салуды қарастырмақ.

Украина президенті Владимир Зеленский үкіметке Беларусьпен әуе рейстерін тоқтатуды және бұл елдің төбесімен ұшақ ұшыруға тыйым салуды тапсырды.

23 мамырда Ryanair әуе компаниясының Грекиядан Литваға бара жатқан FR497 рейсі кенеттен бағытын өзгертіп, Минскіге қонуға мәжбүр болды. Беларусь билігі арнайы әскери ұшақ жіберіп, рейсте бомба болуы мүмкін деп Ryanair ұшағын Минскіге бұрған. Борттан бомба табылмады, есесіне Беларусь полициясы ұшақта болған оппозициялық журналист, NEXTA Live телеграм каналының құрушылардың бірі Роман Протасевичті тұтқындады.

Еуропа лидерлері мен АҚШ бұл жайтқа Александр Лукашенконы айыптап, журналисті дереу босатуды талап етті. Протасевич тұратын Литва ұшақты мәжбүрлеп қондыру фактісіне байланысты қылмыстық іс қозғады.


Роман Протасевич – былтыр тамыздағы президент сайлауынан кейінгі наразылық акцияларынан хабар таратқан NEXTA Live Telegram арнасының негізін қалаушылардың бірі.

Былтыр қарашада Беларусь билігі «жаппай тәртіппсіздіктерді ұйымдастырып, қоғамдық тәртіпті бұзды және әлеуметтік алауыздық туғызды" деген күдікпен Роман Протасевич пен оның әріптесі Степан Путилаға қарсы тергеу бастаған еді.

1994 жылдан бері билікте отырған Лукашенко 2020 жылы президент сайлауында жеңіске жетті деп хабарланған соң елде жаппай наразылық басталды. Содан бері билік 30 мыңнан астам адамды ұстап, жүздеген адамды ұрып-соқты, журналистерді қудалай бастады.

Рекомендовать
Последние новости