Башқұрттар Қазақстанды қымызбен қамтамасыз етуде

Қаракөз Амантай 17 апр. 2024 17:52 3007

2024 жылдың бірінші тоқсанындағы статистикаға сүйенсек, Башқұртстаннан Қазақстанға тасымалданатын қымыз өнімі екі есе артқан, деп хабарлайды Dalanews.kz.

RBC басылымының мәлімдеуінше, Башқұртстан қымызының басты тұтынушысы – Қазақстан. Қаңтар-наурыз айларында башқұрт өндірушілері Қазақстанға 2,5 мың тоннаға жуық қымыз өнімі мен құрғақ сүт жөнелткен. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,8 есе көп, яғни 1,3 мың тоннаны құрайды.

"Сүт өнімдерінің барлық 464 партиясы Қазақстанға жіберілмес бұрын оны Россельхознадзор департаменті мамандары тексереді және өңдейді. Башқұртстанның сүт өнімдері Еуразиялық экономикалық кеңес стандарттарына сәйкес келеді", – делінген хабарламада.

РБК Уфа хабарлауынша, 2024 жылдан бастап экспорттаушыларға сүт өнімдерін тасымалдау шығыны 100% өтеле бастаған. Бұл келісім федералды деңгейде қабылданған. Себебі бұған дейін сүт өнімдерін экспорттауға кеткен шығынның 25 пайызын мемлекет өтеп келген болатын.

Сүт өнімдерін экспорттаушыларға өтемақы төлеу тетігі 2017 жылы құрылған. Субсидия алушылар Ресей Федерациясының Ауыл шаруашылығы министрлігімен конкурстық негізде таңдалады-мыс. Олар жөнелту нүктесінен соңғы алушыға дейінгі барлық көлік құралдарымен логистикалық шығындарды өтейтінін айтады. 2023 жылы өтемақының жалпы сомасы 11 миллиард рубльді құраған.

Айта кетейік, 2023 жылдың қаңтар-қараша айларында Башқұртстанның Қазақстанмен сыртқы сауда айналымы 440 млн долларды құрады. Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,1%-ға артық. Осы кезеңде экспорттық құрамдас екі есе артып, 6,1%-ды құрады. Башқұртстаннан Қазақстанға жеткізілген тауар көлемі 365 миллион доллардан асты.

Өз кезегінде бұл ақпарат қазақстандықтарды таңданысын туғызды. Бірі башқұрт қымызын мақтап жатса, екіншісі қазақтың ұлттық сусынының өзге елден келетінін сынап тастады. Мәселен, "Қазақстанда одан да көп сауылады, сатылады. Тек ол сауда көлеңкелі нарықта жүреді", "Біз осыншалықты көп тұтынамыз ба?", "Башқұртстан қымызға, ал немістер шұбатқа патент алған. Қазақстанның бұл өнімдерді сатуға құқығы жоқ" деген пікірлер толастап жазылған.

Еске салайық, жақында Ұлттық статистика бюросы Наурыз мерекесі қарсаңында ұлттық сусындар өндірісінің көрсеткішін жариялаған болатын.
Бюроның ақпаратына сүйенсек, Қазақстанда қымыз 2023 жыл ішінде қымыз өндірісі 236 тоннаға артып, шұбат өндірісі 61 тоннаға кеміген.

Алайда елде шұбат өндірісі 2% төмендеп, 3003 тоннаны құрады. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 61 тоннаға аз.

Өңірлер арасында сүт өнімділігі бойынша Түркістан облысы алғашқы орында тұр. Бие сүтінің жалпы көлемінің төрттен бір бөлігіне жуығы (24,4%) осы оңтүстік өңірдің шаруа қожалықтары мен жеке қосалқы шаруашылықтарында алынады. Қарағанды облысында да көрсеткіш жоғары: 21,7%.


Рекомендовать
Последние новости