Балаға арналған Kaspi Gold-ты енді қамқоршылары да аша алады

Жарбол Кентұлы 19 сент. 2023 10:56 5743

Енді кез келген баланың қамқоршылар жас жеткіншектерге Kaspi Gold аша алады. Бұған дейін балаға Kaspi Gold-ты тек анасы немесе әкесі ашатын еді. Енді Kaspi.kz Білім министрлігімен, Цифрландыру министрлігімен және «ҰАТ» АҚ-мен бірлесіп, бұл қызметті қамқоршыларға да қолжетімді етті.

– Біз қазір балаға арналған Kaspi Gold-ты қамқорлығындағы балаларға үшін қамқоршылар да аша алатынын қуана хабарлаймыз. ҚР Білім министрлігімен, Цифрландыру министрлігімен және «ҰАТ» АҚ-мен бірлесіп, біздің команда тез арада осындай онлайн сервисті ұсынып отырмыз. Балаға арналған Kaspi Gold арқылы сіз балаларға қажетті шығындарына ақша аударып, қаржылық сауаттылық негіздерін үйрете аласыз. Біздің сүйікті клиенттерімізге бізбен бірге болғандары үшін рахмет! – Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушы Михаил Ломтадзе мырза.

Өз кезегінде ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Айбат Ілиясов бұл баланың қамқоршылары үшіңн маңызды екенін алға тартты.

– ҚР Білім министрлігі мемлекеттік қызметтерді электронды және проактивті форматқа көшіру бойынша жұмысты жалғастыруда. Kaspi.kz-пен бірге біз қорғаншылар мен қамқоршыларға қосымша қағаз сертификаттарын бермей-ақ балаларға Kaspi Gold картасын ашуға мүмкіндік беретін сервисті іске қостық. Қызметтердің онлайн қолжетімділігі оларды алуды жеңілдетеді және азаматтар мен қызмет көрсетушілер арасындағы байланысты болдырмайды, – деді вице-министр Айбат Ілиясов. Ал «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин ойып былайша сабақтады:

– Екі жыл бұрын ҚР Цифрлық даму министрлігінің бастамасымен біз мемлекеттік қызметтерді сыртқы платформаларға, соның ішінде банктік қосымшаларға енгізуді бастадық. Бүгінде біз кейбір қызметтердің eGov-қа қарағанда танымал екенін көреміз. Ақпараттық жүйелерді біріктірудің арқасында Kaspi.kz қосымшасындағы қызметтердің саны артып келеді, енді қамқоршы балаға банк картасын ашуға мүмкіндік туды, сол арқылы біз бизнесті дамытуға және азаматтардың тұрмысын жақсартуға мүмкіндік береміз, – деді.


Рекомендовать
Последние новости