Аягөзде оқу-жаттығу кезінде әскери қызметші көз жұмды

Сағыныш Сардарова 14 июн. 2024 10:51 5093

Аягөз гарнизонында оқу-жаттығу кезінде әскери қызметші көз жұмды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

13 маусымда оқу-жаттығу барысында қауіпсіздік ережелерінің сақталмауына байланысты Аягөз гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі жарақат алып, көз жұмды.

"Бұл дерек бойынша қызметтік тексеріс тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды. Кінәлі және лауазымды тұлғалар Қылмыстық кодекс және Тәртіптік жарғы аясында тиісті жауапкершілікке тартылатын болады", - деп жазылған хабарламада.

Қарулы күштер әскери қызметшінің туған-туыстары мен жақындарына орны толмас қайғысына ортақтасып, көңіл айтты. Ведомство оларға барлық көмек көрсетілетінін мәлімдеді.


Рекомендовать
Последние новости