Аягөзде мектеп түлектері жалғызбасты анаға ерекше сый жасады (видео)

Dalanews 03 июн. 2020 13:20 864

Аягөз қаласының 2010 жылғы түлектері Рамазан айында игі іс бастап, жалғызбасты анаға баспана алып берді, деп хабарлайды Dalanews Altaynews-ке сілтеме жасап.

Мектеп бітіргендеріне 10 жыл толуына байланысты Аягөз қаласының түлектері ерекше игі істі қолға алды. Олар қаладағы мүгедек бала асырап отырған жалғызбасты анаға қасиетті жұма күні үш бөлмелі үйдің кілтін табыстады.

- Қазақтар – жетім-жесірін жылатпаған халық. Біз жүрегіміздің жылуын қарапайым халықтың мұқтаж отбасына сыйлауға дайынбыз. Осы игі іске ат салысқан барша азаматтарға Алланың разылығын тілейміз, - дейді аягөздік жастар.


Олардың жоспарында тағы бір жалғыз басты анаға пəтер сыйласақ деген ниеттері бар екен. Қазіргі таңда баспана алуға біраз қаражаттары жеткіліксіз болып тұрған көрінеді. Аягөз халқынан, атқа мінерлерінен игі іске өз үлестерін қосуға шақырады.

- Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Сіз болып, біз болып тағы бір ананы Алла разылығы үшін қуанышқа бөлесек, - дейді жастар.

https://youtu.be/wOLHr2rzVL8

Рекомендовать
Последние новости