Ауылдағы маман тапшылығын жоюға күш саламыз – AMANAT кандидаты

Dalanews 02 мар. 2023 11:06 959

Бүгін Кеген ауданы Саты ауылында «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалы атынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Жанарбек Әшімжанов және Талғат Байеділов тұрғындармен жүздесті. Кездесуде халықты алдағы сайлау барысынан құлағдар етті.

Сайлауалды үгіт тобы бағдарламаларын таныстырып, оның негізгі бағыттарын атап өтті.

Саты ауылы тұрғындарының негізгі кәсібі – ауыл шаруашылығы. Мұнда мемлекет қолдауының нәтижесінде кәсібін ілгерілетіп отырғандар да бар.

Кездесу барысында тұрғындар салаға қатысты сұрақтарын қойып, сайлауалды бағдарламамен де танысты. Ондағы аграрлы саланы дамытуға қатысты бағыттар назарға алынды.

– Жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік гранттар арқылы кәсіпкерлерді қолдауға бюджеттен қаржы бөлеміз. Шағын бизнесті ынталандыруға үшін жағдай жасаймыз. Мұнымен қоса, жер мәселесін шешеміз. Бұл тұрғыда жайылым, суармалы алқаптың халыққа жеткілікті болуын қарастырамыз. Суару жүйелерін жөндеуге көңіл бөлеміз, − деді кездесуде Жанарбек Әшімжанов.


Кандидаттар партияның 2027 жылға арналған бағдарламасында ауылдың әлеуетін көтерудің негізгі бағыттарын ұсынатындарын атап өтті. Соның ішінде, жастар мәселесін де қамтып отыр. Ауылдардағы түрлі сала мамандарының тапшылығын жоюға күш салады.

Бұдан бөлек, Жанарбек Әшімжанов пен Талғат Байеділов ауданға қарасты Қарқара, Жалағаш, Кеген ауылдарының да тұрғындарымен кездесіп, үгіт-насихат жүргізді.

 

Алматы облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

Рекомендовать
Последние новости