Ауыл ауыз сумен қамтылады

Dalanews 03 авг. 2022 02:45 964

Сарыағаш ауданының әкімі Мұхит Отаршиев Жарты төбе ауылдық округіне қарасты Бостандық елді мекеніндегі жаңадан құрылысы жүргізіліп жатқан ауыз су мұнарасының және су құбырларының құрылысымен танысты, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елді мекендер үшін су мәселесі өте маңызды. Ауданда елді мекендердің 60,2 пайызы ғана орталықтандырылған су жүйесіне қосылған. Сол себепті тұрғындарды таза тіршілік нәрімен қамтамасыз ету жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылып келеді.

Құрылыс нысанында болған аудан басшысы бүгінгі күнге дейін атқарылған жұмыс жағдайын саралай отырып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар бойынша жауапты мердігер мекеме мамандарына құрылыстың сапалы жүргізілуін және белгіленген мерзімде аяқталуын тапсырды.

Айта кетсек, қазіргі таңда елді мекенге мердігер мекеме «А.S. ИнвеСтрой» ЖШС-гі тарапынан 37 шақырым су құбырлары жүргізіліп, ауыз су құдықтары мен су сақтау қоймалары орнатылған.


Жалпы құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін елді мекендегі 513 абонент, яғни 3956 тұрғын сапалы ауыз сумен қамтылатын болады. Құрылыс жұмыстарын биыл желтоқсан айында толығымен аяқтап, пайдалануға беру жоспарланған.

Рекомендовать
Последние новости