Астанада өрт қаупі жоғары кезең басталды: ТЖД ескерту жасады

Ақтоты Жапатова 13 мая 2025 16:08 298

Елордада өрт қаупі жоғары кезең басталды. Осыған байланысты Астана ТЖД қала аумағында және оған іргелес учаскелерде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша ұсыныстарын жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz

Өрт қауіпсіздігі шаралары аясында жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, құрғақ шөпті шабу жұмысы жүргізілді. Халық арасында профилактикалық жұмыстарға ерекше көңіл бөлінеді.

Өрт қаупі жоғары кезеңде табиғи өрттердің алдын алу және оттың таралуынан объектілерді қорғау мақсатында келесі алдын алу шараларын сақтау ұсынылады:

  • құрғақ шөп пен қамысты уақытылы шабу, қоқысты және жанғыш қалдықтарды шығару;
  • құрғақ шөп пен қалдықтарды рұқсатсыз өртеуге жол бермеу;
  • ашық отты пайдаланған кезде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау;
  • өрт жағдайлары анықталған кезде дереу 101 және 112 құтқару қызметіне хабарлау қажет.

Сонымен қатар, табиғат аясында демалатын азаматтарға мынадай өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау ұсынылады:

  • құрғақ шөпке жақын және желді күндері от жақпау;
  • отты назардан тыс қалдырмау;
  • отты толық сөндіріп, су құю немесе топырақпен көму арқылы өшіру;
  • Өрт тудыруы мүмкін жанып тұрған сіріңкелерді, темекі тұқылдарын және шыны қалдықтарын тастамаңыз.

Рекомендовать
Последние новости