Астанада «Әділ мемлекет. Біртұтас ұлт. Өркениетке ұмтылған қоғам» конференциясы өтті

Dalanews 02 дек. 2022 12:44 1015

Елордада «Әділ мемлекет. Біртұтас ұлт. Өркениетке ұмтылған қоғам» конференциясы өтті. Іс-шараға қатысушылар Қазақстан Президентінің Жолдауын талқылады.

Іс-шара барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында көрсетілген мәселелер талқыланды.

Бағдарламалық құжат елді одан әрі дамытуға, оның ішінде әлеуметтік-экономикалық салаларды нығайтуға, халықтың әл-ауқатын арттыруға және саяси трансформацияны іске асыруға бағытталған.

Іс-шараға елорда әкімінің орынбасары Есет Байкен, Байқоңыр ауданының әкімі Ерлан Жауылыбаев, еліміздің еңбек сіңірген қайраткерлері, әлеуметтік сала қызметкерлері, елордалық мәслихат депутаттары, сондай-ақ білім беру саласының құрметті қызметкерлері, жастар қатысты.

– Мемлекет басшысы өз Жолдауында халықты толғандыратын өзекті мәселелерді толықтай қамтыды. Мықты экономика, нақты секторды дамыту, стратегиялық инвестициялар, мемлекеттік басқаруды қайта жаңғырту, заң мен тәртіп қазіргі кезеңде қазақстандық қоғамның өмірін реформалаудың маңызды бағыттары болып саналады. Түрлі салаларда қордаланған проблемаларды шешу тәсілін өзгерту арқылы Қазақстанның болашағы айқындалады, – деп атап өтті Байқоңыр ауданының әкімі Ерлан Жауылыбаев.


Жолдауда көрсетілген мәселелердің маңыздылығы туралы зиялы қауым өкілдері, елорданың белсенді қайраткерлері сөз сөйледі.

– Еліміз Тәуелсіздіктің 30 жылдығын сәтті атап өтті. Елу жылда ел жаңа. Жолдауда Мемлекет басшысы Қазақстанның даму және өркендеу бағыттары туралы айтып берді. Бұл қоғамда қызу пікірталас тудырды, – деп атап өтті ақын, Жазушылар одағының хатшысы Дәулеткерей Кәпұлы.

– Президенттің әлеуметтік және қоғамдық әл-ауқатқа қатысты аспектілерге бағыт алғаны таңқалдырады. Біздің қоғамға білім беруден бастап, тіпті инклюзияға дейінгі көптеген проблемалар бар. Сондықтан әлеуметтік кәсіпкерліктің өкілі ретінде, жалпы Мемлекет басшысы айтқан барлық аспектілерді қолдаймын, – деп атап өтті Әлеуметтік инноваторлар қауымдастығының төрағасы Эмин Аскеров.

Кездесуге қатысушылар спикерлердің баяндамаларын талқылап, Жолдауда белгіленген міндеттерді орындау үшін жұмыстың негізгі бағыттарын атап өтті.

 

Рекомендовать
Последние новости