Астана. 16 жыл баспанасының құжат ала алмаған шағын аудан тұрғындарының мәселесі шешілді

Dalanews 07 дек. 2023 14:55 1460

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек «Нұр-бесік» шағын ауданының мәселесі жайында айтып, ауданда орналасқан тұрғын үйлер шетінен заңдастырыла бастағанын жеткізді, – деп хабарлайды Dalanews.kz Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Елордада 200-ден астам үй орналасқан «Нұр-бесік» шағын ауданы (Көктал 1 елді мекені) бар. Мұнда мыңнан астам адам тұрақты түрде тұрып келеді. Бұл шағын ауданда қала тұрғындары 2007 жылдан бері тұрып жатқанымен, 16 жылдан бері үйлеріне құқық белгілейтін құжаттары болмаған.

Сол себепті олар өз үйлеріне заңды түрде тіркете алмаған. Осылайша олардың емдеу мекемелеріне тіркелуіне, балаларын балабақшаға, мектепке беру мәселесі қиын болғаны жасырын емес. Бұдан кейін шағын ауданы тұрғындары туыстарының үйлеріне тіркеліп, мәселелерін шешіп келді, – деді қала басшысы.

Астана қаласы әкімдігі «Нұр-бесік» шағын ауданының тұрғындары жер учаскелерін заңдастыру мәселесі бойынша бірінше кездесу өткізген болатын. Қала басшысы Жеңіс Қасымбек сол кездесулерден кейін шағын аудан тұрғындарының мәселесі оң бағытта шешілгенін алға тартты.



– Біздер бұл бағытта ауқымды жұмыстар жүргізіп, техникалық мәселелердің бәрін шештік. Қазіргі уақытта тұрғындарға құқық белгілейтін құжаттарды беру рәсімі жүріп жатыр. Енді оларды ресми түрде елорда тұрғындары деп айтуға болады. Аудан тұрғындары араға 16 жыл салып үйлерін тіркеу құқығына ие болды.


Бүгінде шағын ауданды абаттандырумен де айналысып жатырмыз. Сумен жабдықтау, су бұру, нөсер кәрізі, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау сынды инженерлік желілердің құрылысы бойынша жұмыс аяқталды. Сол сияқты алдағы уақытта көшелерге асфальт төселді, жарықтандыру бағаналары, 3 аялдама, интернет орнатылатын болады. Әкімдік қала маңындағы елді мекендерін дамытуды ары қарай жалғастыра беретін болады, – деді Жеңіс Қасымбек.

Рекомендовать
Последние новости