Арыстағы білім ошағы «Тірек мектеп» жобасы аясында жаңа цифрлы технологияларға қол жеткізді

Жарбол Кентұлы 28 нояб. 2024 10:36 418

Арыс қаласы, Сырдария елді мекенінде орналасқан С.Адамбеков атындағы мектеп биыл «Ауылдық аймақтардағы тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасына енген болатын. Осыған сәйкес, аталмыш мектептің биыл 32 кабинеті мен қосымша білім беру бағыттары бойынша студиялар толық жабдықталды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін мектеп қабырғасында жобаның салтанатты таныстырылымы өтті. Шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, қала әкімі Гүлжан Құрманбекова, Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы Күләш Шәмшидинова, «Қазақстан Халқына» қоғамдық қоры төрағасының орынбасары Ләззат Шыңғысбаева мен жобаны жүзеге асырған ардақты азаматтар мен қала ұстаздары қатысты.

Бұл жоба білім беру сапасын арттыруға, ауыл мектептеріне үздік педагогикалық тәжірибелер мен тиімді әдістемелерді трансферттеуге және тірек мектептердің қажетті материалдық-техникалық базасымен қамтамасыз етуге бағытталған. Жобаны Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігі, «Қазақстан халқына» қоры, AITAS холдингі, Назарбаев зияткерлік мектептері мен Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры іске асырды.

Аталған жоба аясында С.Адамбеков мектебінің сыныптарда жиһаздар жаңартылды, эргономикалық орындықтар мен парталар қойылды. Сондай-ақ, физика, химия, математика, биология, география, информатика, жаратылыстану кабинеттері нағыз заманауи білім беру сыныптарына айналды. Интерактивті панельдер мен зертханалық жабдықтар қойылды. Бұдан бөлек, STEM зертханасы және робототехника кабинеті тереңдетілген білім алу үшін шағын гидропоника зертханасымен, сынақтарға қажетті 3D принтерлермен, виртуалды шындық кабинеттерімен жабдықталған.

Сабақ арасындағы үзілісті оқушылар тиімді өткізу үшін рекреациялық демалыс аймағына  оқушыларға арналған ойындары бар арнайы ойындар, шахмат аймағы, ыңғайлы жиһаздармен толыққан. Шараға қатысқан ұстаздар мен ардагерлер жобаны жүзеге асырған азаматтарға шынайы алғыстарын білдірді.

Жұмыс сапары барысында Бейсенбай Дәулетұлы Арыс қаласы әкімімен бірге Отырар тұрғын ауданында бой көтеріп жатқан 600 орындық білім ошағына барды. Құрылыс жұмыстарының сапасын тексерді.

Үш қабатты мектеп 4 гектар аумақта бой көтерген. Білім ордасы заманауи талаптарға сай жабдықталатын. Онда пәндік кабинеттер, технологиялық дәріс беру бөлмелері, спорт, акт залдар, сыртқы спорт алаңшалар, кең де жайлы асханасымен жабдықталып, сәулет-сымбатымен көз тартатын үлгілі білім ордасына айналмақ. Бүгінде мектепке қажетті жабдықтарды жеткізу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Сондай-ақ, жаңа мектеп табиғи газбен жылыту жүйесіне қосылады. Сонымен қатар мектеп аумағын абаттандыру, жасыл желектер отырғызу және демалыс аймақтарын құру шаралары қолға алынған. Аралау барысында құрылысқа жауапты

сала басшылары мен мердігерлерге жұмысты уақтылы әрі сапалы аяқтауды қатаң тапсырды.

 


Рекомендовать
Последние новости