"Ақырына дейін автобуста отырды". Куәгерлер көргенін айтты (видео)

Dalanews 15 сент. 2019 16:25 867

Алматы облысында пойыздың автобуспен қақтығысқан сәтіне куә болған жергілікті тұрғындар оқиғаның мән-жайын айтып берді. 

Апаттың куәсі болған ер адамның сөзінше төтенше оқиға сағат жетілер шамасында Шамалға станциясында болған. 

"Жексенбі сайын бұл арада қатты кептеліс болады. Көліктер 4-5 қатарға тізіліп, біраз уақытқа дейін бір орында тапжылмай тұрып қалады. Бүгін де әдеттегі жағдай қайталанып, автобус пойыз жолында тұрып қалды.

Қақтығыс кезінде көліктің ішінде адамдар болды, автобусты тастап шығуға асықпай, ақырына дейін отырды", – дейді куәгер. 

Өзге куәгерлердің айтуынша бес бірдей жедел жәрдем көлігі аурухана мен оқиға орын алған аралыққа екі рет қатынаған. 

Алматы облысы әкімдігінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкелдің хабарлауынша Шамалған станциясындағы жол көлік оқиғасынан 1 адам мерт болып, 3 адам жараланған.

Оқиға орнына қажетті көлемде жедел жәрдем көліктері жетті. Оқиға орнында тиісті сала басшылары жетті. Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаев оқиға орнында. Жақын арадағы ауруханалар күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Қосымша ақпарат толықтырылып беріледі.

https://youtu.be/oA71Ot8WBu0

https://youtu.be/rL8LUze3KN8

https://youtu.be/ldHnAhSak9k

Рекомендовать
Последние новости