Алтын сырға (әңгіме)

Dalanews 25 февр. 2023 12:22 1189

Алматынын әдемі жазғы кештерінін бірі. Айнала жасыл желекке оранған. алыстан ақ бас Алатау мен мұндалайды. Ауа тып-тынық, лүп еткен жел жоқ. Әлдебір тұстан қазақтың домбырасының қоңыр үні әлсіз естіледі. Алма осы әнді естуге балконға ұмтылды. Ақырын ғана қабырғаны жағалап барып, балконға шықты.

Жиырма бес қайта айналып келме-ес-ес саға-ан...

Ән үздік-создық үзіліп жетті. Алманың бойын әлдебір өкініш жайлағандай болды. Көзінен аққан жас ештеңені көрсетпей тұмандандырып жіберді. Қабырғаны жағалай жүріп төсегіне барып жатты. «Жиырма бес деді, ал мен жиырмада ғанамын ғой, неге мен бұлай ауырдым...» деп ойлады ол төбеге көз тігіп жатып, нeге Сәбит мұндай оңбаған болып шықты. Әлде, Гүлзада...». Ештеңенің байыбына бара алмаған ол шаршаңқы кейіппен ұйықтап кетті. Алма студенттік өмірінің қызықты күндерінің күйінішке айналатынын қайдан білсін. Бәрі де аяқ астынан болған тойдан басталды.

Бұл Сәбитке тұрмысқа шығып, үйлену тойы болған күні, мұның төркінінен ешкім келмеген еді. Бөтен ортамен танымайтын адамдардың арасында қалған ол жалтақтап Сәбитке қарай берді. Иә, әке-шешесі келе алмады. Қандай өкінішті. Одан кейінгі жағдайы мынау. Әлі оқуын аяқтау керек. Ал, бұл болса, аяғынын ауырлап, екіқабат болғанына алты ай болған кезде соқыршек болып, ота жасауға тура келген еді. Содан бері қарай екі жарым айдың жүзі болыпты. Күннен-күнге баланың да салмағы өсіп бара жатыр, ішінің кесіліп қайта тіккен жері де керіліп жанына батып ауырады.

Алманын сорына орай күйеуі де бір тынымсыз, жеңілтектеу болып шықты. Бұл төсек тартып жатқан адамның күйін кешіп, қозғалуға әл-дәрмені жоқ. Күн ұзак төбеге қарап жатқанды ғана біледі. Кей-кейде жалығып ұйықтап та кетеді. Әлдекім есікті тарсылдата соқты. Алма ұйкысынан шошып оянды. Жағалай барып есікке жетіп, ашып еді құрбысы Гүлзада екен.

– Күйеуін қайда? – деді ол әй-шайы жоқ.

– Білмеймін.

– Білмегені несі... Алаяғыңа сәлем айт. Ақшаны әкелсін, болмаса сырғамды қайтарсын. Алма әлдене деп аузын ашып үлгергенше, Гүлзада туфлиін тоқылдата басып кетіп те қалды. Осы тұрғанының өзі күш еді, ентігіп төсегіне жата кетті.

«Бір айналдырғанды шыр айнадырады» демекші, бұлардын басына тағы да бір іс түскен еді. Осыдан бір жыл бұрын болған оқиғаны көз алдына келді. Әдеттегідей Гүлзаданың күйеуінің туған күні өтіп жатты.

Кешке бұлар да келген. Кеш иесі Нұрлыбек ерекше өңді жігіт еді. Қиылған қара қастары, бақырайған үлкен әдемі қара көздері, қыр мұрыны, жұқа еріні бәрі-бәрі аса бір жарасымдылық танытатын. Оның жаны да әдемі, инабатты болатын. Ұялшақ болғандықтан, үнемі көзін төмен түсіріп сөйлейтін. Момындау келген бұны Гүлзада еркіне әбден көндіріп алған. Отыр десе отырады, тұр десе тұрады. Той үстінде Сәбит есіп сөйлеп отырды. Тіпті, кей-кейде шамадан тыс бөсіп те жібереді. Алма ақырын ғана оның тізесінен түртіп қалды. Бірақ, оны елен қылар Сәбит жоқ. Айналасындағыларға құр тілімен қуырдақ қуыруға айналған. «Бизнесмен», «коммерсант» екенін айтып, әлдебір «фирмасын» айтып шалқып отыр.

Алманың көзі Гүлзадаға түсіп кетіп еді, ол Сәбитке ішіп-жеп тесіле қарап қалыпты. Мұны Сәбит те байқағандай... Алма ауыр күрсінді. «Ақырының қайырын берсін...» деп ойлады ол іштей. Сонымен туған күнді тойлаудың алғашқы сәті де аяқталып, жұрт сыртқа демалуға шығып жатты. Алма қасындағы екі-үш қызбен бірге дастарханды жинақтай бастады. Бөлменің ішінде адам көп, қапырық болғандықтан ол балконға беттеді. Кенет... кенет әлдекімдердің күбірлеген үнін естігендей болды. Таныс дауыстар...

– Иә, мен саған буны бес қой ғып қайтарамын!

– Өзін білесің ғой, Нұрлыбек жұмыссыз, менің жалақым күнкөріске жетпейді. Тек екеуміздің арамызда ғана қалсын.

– Бопты!

Алма балконға шығып карап еді, Сәбит Гүлзаданы кұшақтап тұр екен. Жалма-жан қолын тартып алған күйі, сасқалақтап бөлмеге кіріп кетті. Бұл Гүлзаданың қасына барып тұрды. Ыржалақтай күлген Гүлзада екі елі аузын әрең жинап, саусағынын арасына қыстырған темекісін бір сорды да:

– Немене, қызғанып кеттің бе? – деп сұрады.

– Жоқ...

Бірақ, Алманын көкейінде «сендер өзара неге келісіп жүрсіңдер» деген ой тұрса да, сұрауға бата алмай, үнсіз қалды...»

Иә, сол жолы Сәбитке Гүлзада кұлағындағы алтын сырғасын шешіп берген екен. Мұны кейіннен білді. Күйеуінен сұраған кезде, ол: «Фуй, мен ол сырғаны сатып жібердім де ақшасына арақ ішіп қойдым. Ақымак, сырғасын берген өзінен көрсін», – деген еді шімірікпестен.

Ал, Гүлзаданың адуынды, сойқан мінезін білетін Алма іштей бір пәленін басталғанын сезді. Шынында да, Гүлзада жиі келгіштеп кетті. Қайта-қайта Сәбитпен сыртқа шығып жеке сөйлесуді шығарды. Күйеуінің жанына не жетпейтінін ойлап, Алма дал болды. Құдайға шүкір, ата-енесі жиі қатынасып, көмектесіп тұрады.

Ішерге тамақтары тоқ, киерге киімдері бүтін. Бірақ, әйтеуір Сәбит тым жеңілтек. Үнемі өңі кашып, өзінен-өзі дегбірсізденіп тұрады. Тіпті, кейде жанын қоярға жер таппай тынышсызданатын да әдеті бар. Сонымен не керек, Гүлзада Сәбиттің соңына біржола түсіп алды. Ақыры, аудандық ішкі істер басқармасына арыз жазыпты. Оқиғаға куәгер Нұрлыбек болып шыға келген. Бұл қудалау, Алманын казіргі жағдайымен тұспа-тұс келгені қиын болды. Тағы да есік қағылды, сүйретіліп барып есік ашып еді, Сәбит екен.

– Келді ме, тағы? – деп сұрады ол. Кімді сұрап тұрғаны түсінікті еді, Алма басын изеді.

– Полицияга барып келдім, – деді Сәбит аз үнсіздіктен кейін, – 8000 тенгенін сырғасын 90000 теңге қып қайтарасын деп отыр.

– Немене?!

Алма шошып кетті.

– Есің дұрыс па, маған дәрі-дәрмекке де ақша керек қой. Бүгін-ертең босанғалы отырмын. Үйден келген ақшаның бәрін беруге тура келеді ғой.

– Енді не істе дейсің. Осымен құтылсам да жақсы. Әйтпесе сотталамын, – деді Сәбит жылап жіберіп, – Алма, саған әке-шешен әперген алтын сырған бар еді ғой. Соны...

– Немене, соны...

Арғы жағы айтылмаса да түсінікті еді. Алма орнынан сүйретіле тұрды. Жастығынын астына шешіп қойған сырғасын колына алды да біраз қимай қарап тұрды... Бұл сырғаға Гүлзаданың көзі түскен еді, талай қызыққан еді. Ойы белгілі болды. Сәбит арқылы алғызбақшы.

Бұлар барлығы да жатақханада тұратын. Нұрлыбектердің бөлмесі үстінгі қабатта болатын. Ол басқышпен қинала көтерілді. Аяғынан әл кетіп барады. Оның үстіне, түнеукүні дәрігер «мерзімінен бұрын босанып қаласыз ба деп қорқамын, байқаңыз» деп ескерткен болатын. Ә, міне, бөлмеге де жетті. Есікті итеріп еді, ашық тұр екен. Нұрлыбек телевизор көріп жатыр екен, орнынан атып тұрды. Жалма-жан бұны отырғызып жатыр. Гүлзада балконда темекі тартып тұр.

– Келген кім? – деп дауыстады ол куйеуіне.

– Алма ғой. Жайша ма? – деді ішке кірген Гүлзада шашын әдемілеп қойып.

– Гүлзада, – деді Алма ақырын ғана, – Мен білемін, саған қиын екенін. – Бірақ, сен екі апта тоса тұрасың ба? Менің уакытым жақын қалды. Ақша маған керек болып тұр. Үйден мамамды шакыртамын. Ақшаңды сол кезде қайтарайық. Әйтпесе, мынаны ал, саған ұнаушы еді ғой. Бағасы да өте кымбат. «Алтын-күміс тас екен, арпа-бидай ас екен» деген ғой, кішкентай сырғаға бола бет жыртыспайық... Сырға, жүзік деген жоғалып та жатады.

– Гүлзада, Алма дұрыс айтады, – деп Нұрлыбек бірдеңе дей бергені сол-ақ еді, әйелі оны ала көзімен бір-ақ атты.

– Жап аузыңды! Сөйлемей отыр. Әкел сырғаны.

Гүлзада сырғаны жұлып алды.

– Сырғамен бірге, ана мойныңдағы алтын алқаны да бересің, – деді нықтап. Сенің күйеуіннің маған істегені жетеді.

Алма алқаны мойнынан ағытып қолына ұстаттыү

Іс осымен тынбады. Гүлзада косымша 90000 теңгені де қайтарып алған еді. Сәбиттін шешесі келіп, баласының түрмеден аман-есен қалқанына қуанып, кішігірім той жасады. Содан бері екі-үш жылдай уақыт өткен еді. Уақыт емші деген сөз рас екен. Қиындық атаулы көрген түстей болып өте шықты. Бәрібірде Алма таңертен ерте жұмысқа бару үшін аялдамаға шыққаны сол еді, әлдекім атын дауыстап шақырғандай болды. Жалт карап еді, Нұрлыбек екен.

– Нұрлыбек, кайдан жүрсің? Қалың қалай?

Амандық-саулықтан кейін, аз-кем үнсіз тұрған ол жұтынды да:

– Алма, бізді кешіресің бе? – деп сұрады.

– Не үшін?

– Сен баяғыда келіп, жағдайынды айтып өтінгенде, Гүлзада көнбей қойып еді, есінде ме?

– A-а, иә есімде. Қазір, Гүлзада жоқ, кайтыс болған. Ол содан кейін өкпесінен қатты ауырды. Төсек тартып жатып қалды. Бармаған жер, қаралмаған дәрігер жоқ. Алтындарының бәрін қаражат үшін сатып жібердік. Ол өкпесінен бала кезінен ауыратын еді ғой. Мүмкін тағдырдың жазуы солай болған шығар, кім біледі...

Нұрлыбек жылап жіберді. Алма оны катты аяп кетті. Ештеңе деместен, ба- сын үнсіз ғана изей салып, кешіргенін көзкарасымен білдірді де кері бұрылып жүре берді.

«Жиырма бес кайта айналып келмес саған», – деген ән жолдары ойына орала берді. Ол бойынан бір ауыр жүк түсіргендей женілденген сезімде еді.

Раушан HҰFМАНБЕКОВА.

 

Рекомендовать
Последние новости