Алматыға тәліптер келе жатыр

Көркем Алдабергенова 27 сент. 2024 09:24 2636

Алматыда тәліптер 22 қазанда көрме ұйымдастырады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
 
Тамызда Ауғанстанның Индустрия және сауда министрлігі Алматыда тауар және қызмет көрсету көрмесін ұйымдастыратынын хабарлаған болатын. Кейіннен көрме өтетін күн жылжып, 22 қазанға белгіленген. 
 
22 қазанда Қазақстанның сауда министрлігі оңтүстік астанада кезекті Қазақстан-ауған бизнес-форумын ұйымдастырады. Көрме осы іс-шара аясында ұйымдастырылады.
 
"Делегацияның Ауғанстаннан Қазақстанға сапары аясында ауқымды бизнес-форум өтеді, онда Ауғанстан экономикасының түрлі салаларынан 250-ден астам кәсіпкер өз тауарлары мен қызметтерін ұсынады", - делінген іс-шара анонсында.
 
Қазақстан-Ауған форумдары жиі өткізіліп тұрады. Осы жылдың сәуір айында форум Ауғанстанда өтті. Астанада мұндай кездесу 2023 жылдың тамыз айында өтті.


Рекомендовать
Последние новости