Алматыда «Tolyq Adam» байқауының гранд-финалы өтеді

Dalanews 09 авг. 2023 10:39 1039

12 шілдеде Алматы қаласында 300-ге жуық адам қатысатын «Tolyq Adam» байқауының Гранд-финалы өтті. Бұл жоба ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың идеясын қолдауға бастамашы болып, еліміздің креативті экономикасын дамытуға бағытталған, сондай-ақ өршіл, шығармашыл адамдарды біріктіріп, олардың идеяларын дамытуға және іске асыруға серпін беруге арналған маңызды жоба.

Сонымен қатар, Абай күнін мерекелеу қарсаңында бұл жоба «Tolyq Adam» («a person of intergrity», «толық адам» идеясы) идеясын ілгерілету жөніндегі іс-шараларға серпін беріледі. Толық адамның ең негізгі қасиеттері – әділдік, еңбекқорлық, мейірімділік, адамның үнемі жетілдірілуі және білімге ұмтылу болып табылады.

Сондықтан байқаудың бір бағыты ретінде кәсіпкерлік сала да қамтылды. Мұнда ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер өздерінің стартаптарымен және бейнеконтенттерімен бөлісуге мүмкіндігіне ие болады.

Сонымен қатар, режиссерлер мен бейнемейкерлер өздерінің бейне жобаларымен байқауға ұсынуына болады. Жүлде қоры екі жеңімпазға арналған 6 000 000 теңгені құрайды.

Байқау Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлы ойшыл Абай Құнанбаевтың шын мәнінде толық адамның Жүрегі, Ақыл-ойы мен Ерік-жігері дамыған деген сөздерін қолдай отырып айтқан толық адам тұжырымдамасына негізделген.

Офлайн іс-шараларға қатысу Қуаныш Бейсек пен Расул Абдуллаевтың «бейнеконтент» бағытындағы, сондай-ақ Ақсұлтан Қалиев пен Руслан Хайруллаевтың «Бизнес» бағытындағы тәлімгерлігімен сүйемелденді.

Ағымдағы жылдың мамыр және маусым айларында тіркеу кезінде 1800-ге жуық адам конкурсқа қатысуға ниет білдіріп, сайысқа тек 20 адам ғана жіберіліп, олар өздерінің сүйікті Dudeontheguitar, Bonapart, Introvert, Colorit, Akim әртістерінің қойылымдарын, сондай-ақ керемет фотосуреттер түсіруге болатын интерактивті аймақтар, ұлттық стильдегі әдемі боди мен фейсарт,  сондай-ақ қолөнермен айналысу мүмкіндігі күтті.

Іс-шараны Виталий Бужан мен Kaizen Center қолдап, финалистерге құнды сертификаттар берді.

Іс-шараға қатысқан белгілі кәсіпкерлер үшін де біздің үлкен финалымыз назардан тыс қалмады: Дамир Аманжолов, Гүлбану Майгарина, Zheka Fatbelly, Маржан Өтеген, Сабина Бейс, Айтөре Жолдасқали, Мейіржан Самалбек, Исламбек Шәріпов және басқалар қатысты.

Сонымен қатар, біздің байқауымыздың Гранд-финалына «qamqor Charity» қоғамдық қорының төрағасы Анарбаева Бағдат Бекболатқызы және Алматы қаласы әкімдігінің жастар саясаты басқармасының өкілдері қатысты.

Жоба соңында Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан

3 жеңімпаз таңдалды, олардың жұмыстары көрермендер мен тәлімгерлерді таң қалдырды. Жеңімпаздардың жобалары Ауыл шаруашылығын цифрландыру және жаңғырту, еліміздегі мультипликациялық индустрияны дамыту және ауылдардағы жастар мен балаларды дамыту үшін мүмкіндіктер жасау сияқты мақсаттарды қамтыды.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың идеясын қолдайтын осындай жобалар Қазақстанның жас ұрпағын еңбек пен дамуға ынталандыруды арттыруға жақсы себеп болады.

 

 

Рекомендовать
Последние новости