Алматыда Қасқыр тауында адасқан 5 жасөспірім құтқарылды

Ақтоты Жапатова 15 авг. 2025 12:15

Алматы қаласының Бостандық ауданында Қасқыр тауында 5 жасөспірімнен құралған топ жартасты жырада қалып, өз бетімен шыға алмай қалған,- деп хабарлайды Dalanews.kz

Кеше күндіз жасөспірімдер тау бөктерімен көтеріліп келе жатып, жартасты жыраға түсіп кеткен. Хабарлама топтың бір қатысушысынан келіп түскен, геолокация деректері белгілі болды.

Оқиға орнына ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының тобы шықты. Құтқарушылардың құрамында кинолог және қажетті жабдық болды.

- Тау жотасының күрделі, тасты бедеріне байланысты зардап шеккендерге жету 4 сағаттан астам уақыт алды. Кері қайту жолын жартасты бөктерлер мен қараңғы уақыт қиындатқанымен, барлық жасөспірімдер құтқару техникасына аман жеткізілді, - делінген ақпаратта.

Медициналық көмек қажет болған жоқ.


Рекомендовать
Последние новости