Алматыда атышулы қылмыстық топтың 14 мүшесі қолға түсті

Қаракөз Амантай 08 февр. 2024 09:42 3408

Ішкі істер министрлігі ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметін анықтау және жолын кесу бойынша жұмысты жүйелі түрде жүргізіп келеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Олардың криминалдық қызметі туралы дәлелдемелерді жинау арқылы қылмыстық топтардың жетекшілері мен белсенді мүшелерін қоғамнан оқшаулау жөнінде кешенді шаралар қабылданып жатыр.

Жыл басынан бері ұйымдасқан қылмыстық топ құру, оған басшылық ету және қатысу бойынша 15 факті анықталып, тіркелді. Әртүрлі қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық топтардың 30-дан астам жетекшілері мен белсенді мүшелері ұсталды.

Мәселен, 7 ақпанда ІІМ мен ҰҚК қызметкерлері Алматы қаласында құрамында белгілі "Айшуақ-Жантүгел" ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелері бар топты құрықтады.

7 атыс және травматикалық қару, 4 граната, 200-ден астам оқ-дәрі, есірткі заты, сондай-ақ басқа да суық қару тәркіленді. Топ мүшелері кәсіпкерлерге өздерінің криминалдық “қамқорлығын” көрсете отырып, оларды бопсалаумен айналысқаны анықталды. Олар Алматы қаласының темір жол вокзалдары аумағында, сондай-ақ базарларында өз ықпалын жүргізген.


Рекомендовать
Последние новости