Алматыда алдағы күндері қалың қар жауады

Сағыныш Сардарова 15 янв. 2026 10:31

Алдағы күндері қар жауып, ауа температурасы төмендеуіне байланысты Алматының коммуналдық қызметі күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды. Бұл туралы қаланың коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы мен тұрғын үй инспекциясының өкілдері айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, 16 қаңтарға қараған түні Алматыда жауған қар 17 қаңтар кешке дейін жалғасады. 16 қаңтарда түнгі және күндізгі ауа температурасы –5…–7 градус шамасында болады. Ал 17 қаңтарда түнде ауа температурасы –11…–13 градусқа дейін төмендеп, күндіз –7…–9 градус шамасында болады.

"15 қаңтардан бастап қаладағы барлық коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшірілді. Өндірістік базаларда жүргізушілер, механизаторлар мен жол саласы жұмысшыларының тәулік бойғы кезекшілігі ұйымдастырылды", - деді әкімдік өкілдері.

Тәулік бойы 1030 арнайы техника, сондай-ақ, жеке ұйымдардан тартылатын 200 техника мен 2710 жол саласы жұмысшысы жұмылдырылады.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove