Алматы. Телемедицина мамандары күн сайын 3 мыңнан астам науқасқа қашықтан кеңес береді

Dalanews 14 июл. 2021 06:36 926

Алматы қаласында Телемедицина орталығының қызметкерлері КВИ жұқтырған және ауырған 3 мыңнан астам науқасқа қашықтан кеңес береді әрі күн сайын мониторинг жүргізеді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Телемедицина орталығындағы дәрігерлері 3527 науқасты және стационар шыққан 49 пациентті бақылауда.

Күн сайын 2500-3000 кіріс және шығыс қоңырау байланыстары қаралуда.

Қазіргі кезде орталықпен 52 158 кіріс және 472 043 шығыс қоңырауға қызмет көрсетілді.

Телемедицина орталығы (бұдан әрі - ТМО) үйде ем қабылдап жатқан COVID-19-бен ауратын пациенттерге көмек көрсету мақсатында 2020 жылғы қыркүйек айында ашылған болатын. Орталық COVID-19 бен ауратын пациенттерге, сондай-ақ, қауіп тобына кіретіндермен қашықтан бақылау мен консультация жүргізеді.

– Біз МСАК ұйымдарының мамандарымен жүргізілген офлайн кеңестен соң ТМО мамандары онлайн түрінде кеңес береді және үй карантиніндегі COVID-19-бен ауратын пациенттер бойынша мониторинг жүргіземіз. Емделуге жатқызуға көрсеткіштер болған кезде ТМО мобильдік бригада немесе жедел жәрдем шақырады. Пациенттерді тиісті медициналық көмек көрсету үшін стационарларға жібереміз, – деді ТМО басшының м.а. Жұлдыз Бауыржанқызы.

Сонымен қатар, Алматы қаласының тұрғындарынан COVID-19 ауруына шалдыққандарға медициналық көмек көрсету мәселесі жөніндегі кіріс қоңыраулар түскен кезде, мамандар активті қабылдап, тұрғынның тұратын аумақтылығы бойынша қала тұрғынына медициналық көмек көрсету үшін емханаға жібереді, сондай-ақ, вакцинация мәселесі бойынша кеңес береді.

Телемедицина орталығына тәулік бойына мына телефонмен хабарласуға болады: 8 (727) 300 505, ұялы телефоннан қысқа 13 12 номері арқылы.

Рекомендовать
Последние новости