Алматы облысындағы «Таза жағажай – таза өзен» акциясына 100-ден аса адам қатысты

Ақтоты Жапатова 03 июн. 2025 16:22

Алматы облысы, Жамбыл ауданында Экологтар күніне орай Ұзынқарғалы өзенінің бойын тазарту мақсатында «Таза жағажай – таза өзен» экоакциясы өтті, – деп хабарлайды Dalanews.kz 

Шараға 100-ден астам адам, олардың қатарында жергілікті тұрғындар, жастар, белсенділер мен қоғамдық ұйым өкілдері ат салысты.

Акцияның мақсаты – жағажай аймағын тазарту, су айдындарының ластануының алдын алу және қоршаған ортаны қорғауға қоғам назарын аудару.

«Таза Қазақстан» - еліміз, болашағымыз, қоршаған ортамыз үшін үлкен септігі бар экологиялық бағдарлама. Сондықтан, осындай игі шаралар жастарымыздың, жалпы барша жерлестеріміздің ортасында экологиялық мәдениетті қалыптастырып, айланамызды таза ұстауға ынталандырады», - деп атап өтті жергілікті аналар кеңесінің төрайымы Зияш Мамедова.

Акция барысында қатысушылар өзен бойын тұрмыстық қалдықтардан, пластик бөтелкелерден, қағаздардан және басқа да қоқыстардан тазалады. Нәтижесінде 3 тоннадан астам қоқыс жиналды.

Бұндай экологиялық шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.


Рекомендовать
Последние новости