Алматы облысында Заманбек Нұрқаділовтің ескерткіші орнатылады

Dalanews 15 янв. 2024 09:55 1297

Алматы облысында Заманбек Нұрқаділовтің ескерткіші орнатылады, - деп хабарлайды Dalanews.kz тілшісі orda.kz сайтына сілтеме жасап. 

Саясаткер Заманбек Нұрқаділовке ескерткіш орнату жоспары оның 80 жылдығына орай ұйымдастырылған аста белгілі болды.

2005 жылы қарашада қайтыс болған саясаткердің туыстары оның 80 жылдығына орай асқа жиналды. Сондай-ақ, асқа Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли келіп, Қасым-Жомарт Тоқаевтың хатын оқып берген.

Тоқаевтың шешімімен Алматы облысында саяси қайраткерге ескерткіш орнатылады. Мектепке де оның есімі беріледі.



Нұрқаділовтың одақтасы, қазіргі кәсіпкер Болат Әбілов бұл шешімді оппозициялық саясаткерді ақтау деп атады.

«Бүгін Заманбек Нұрқаділовтың туған күні ғана емес, оның 80 жылдығына орай ғана емес. Бүгінде Зәкеңді саяси, тарихи және моральдық тұрғыдан оңалту жүріп жатыр», - деп жазды Әбілов.

Рекомендовать
Последние новости