Алматы облысында волонтерлер 357 отбасына азық-түлік жеткізді

Dalanews 24 мар. 2020 09:11 850

Планетамызда өрісін кеңге жайған пандемия әлеуметтің әлеуетіне әсерін тигізуде. Бұл туралы отандық БАҚ жарыса жазып жатыр.

Елдегі төтенше жағдайға байланысты республикамыздағы әр өңір Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырамасын бұлжытпай орындау мақсатында түрлі шараларды іске асыруда. Осы тұрғысында Алматы облысы тым белсенді екенін атап өткен жөн.

Кенеттен келген індет, талайымызды тосырқатқаны жасырын емес. «Не істемек керек?»  деп сасқан елді сабырға шақырушы биліктің біліктілігін астын сызып ауыз толтырып айтуға толықтай негіз бар.

Жер әсемі Жетісудың басшылары жастар және еріктілермен бірігіп қарқынды еңбек етуде. Бүгінгі таңда облыс бойынша 17 аудан мен  3 қалада барлығы  520 қайырымдылық акциялары өткізілді.


Оның ішінде аудан, қала көлемінде дезинфекциялық жұмыстарға атсалысу, азық-түлік тасымалдау, медициналық антисептик, жеке гигиеналық заттар және бетпердемен қамтамасыз етумен айналысуда.



«Мейірімді Жетісу» еріктілердің фронт-кеңсесінде тәулік бойы әлеуметтік желілерде хабарлама, телефон арқылы тұрғындардың сұранысын қабылдайтын желі жұмыс жасайды. Әлеуметтік желі арқылы көмек сұрап байланысқандар саны – 117, қауырт желінің көмегіне жүгінгендер – 78 адам.

Әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған және көпбалалы отбасылар мен жалғызбасты аналарға, жалпы 357 отбасына әлеуметтік көмек көрсетіліп, азық-түлікпен қамтамасыз етілді.

Облыстағы 1300 еріктінің атсалысуымен 3000 маска тігіліп, тұрғындарға таратылды.


Үйден шығып, азық-түлік алуға мүмкіндігі жоқ тұрғындарға көмек ретінде жеткізіп беру қызметіне автоеріктілер тартылған.

Бұл бастамасы ғана. Халықтың қамын ойлаған атқамінерлер азық-түлік бағасына да мән беріп, бағаны бақылауында ұстап отырған жайы бар.  Осыған қатысты Алматы облысы әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіровтің төрағалығымен аймақ әкімдерінің селекторлық кеңесі өтті.

Онда нарықтағы мәселелер талқыланды. Кеңес барысында әкімдіктер "Азия Агро-фуд" компаниясымен ұн өндіру бойынша ынтымақтасатыны және Алматы облысының тұрғындары  бір килограмм  ұнды 130 теңгеден сатып алу мүмкіндігіне ие болғаны анықталды.



Аталған өнімнің бір қабын тек бір ғана жеке тұлға алады. Мұндағы себеп, алыпсатарлықтан сақтану.

Төтенше жағадайды өз пайдасына жарататын «пысықтар» да табылатынын ескерген  Серікжан Бескемпіров жауапты тұлғаларға азық- түлік тауарларының бағасын бақылауды тапсырды.


Бүгінде базарда және дүкендерде  ел қолдан жасанды  кезек жасап жүр.  Дәл қазіргі сәтте  жеті өзені тоғысқан мекенде әлеуметтік маңызы бар тауарлар жеткілікті мөлшерде дүрбелең туғызудың қажеті жоқ.

Бағаны негізсіз арттыру туралы дерек тіркелсе  әрбір әкім өзі жауап беретін болады , сондықтан жұмыс істеу керек және жағдайды бақылау қажет.


Ахуалды басшылыққа ала отырып, аудандар бір- бірімен серіктестік орнатуы тиіс.

Мысалы, Райымбек ауданында картоп қоры, Балқаш та - күріш, Қаратал да - пияз қоры бар , - деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары.

Селеторлық жиын өз нәтижесін берді. Бұрынғыдай емес, бұл отырыс әлеуметтің әлеуетін арттыруға ықпал етті. Енді ертең таң сәріден Талдықорған қаласының тұрғындары қажетті тағам өнімдерін тиімді бағада ала алады. Ресми ақпар бойынша, наурыздың  23  жұлдызында Жетісудың бас шаһарындағы Арбатта және Коммуналдық базарда сұйық май, ұн, күріш, жеміс-жидек, көкөніс және сүт өнімдері және т.б. әлеуметтік маңызы бар тауарлар қол жетімді бағада  сатылады.

Сондай-ақ, Алматы облысының Тұрақтандыру қорының келесі өнімдері сөрелерден орын алады:

Мәселен, сұйық майдың  0,875 л – 355 теңге, 4,4 л – 1765 теңгеден,  қанттың 50 кг – 9 000 теңгеге саудаланса, күріштің 1 кг – 225 теңгеге алуға болады. Және де кеспенің  1 кг – 180 теңге, картоптың  1 кг – 80 теңге, пияздың  1 кг – 60 теңгеден сатылатын болады.

Міне осылай, төтенше жағдай кезінде тура шешім қабылданды.  Ендігіде елдің еңсесі тіктеліп, тұрмысы біраз жақсармақ. Алдағы уақытта Алматы облысында мұндай игі істер жалғасын табатын болады.

Анар САБЫРОВА

Рекомендовать
Последние новости