Алматы іргесіндегі су қоймасы жекеменшіктен мемлекетке қайтарылды

Сағыныш Сардарова 18 сент. 2025 10:26

Алматы іргесіндегі су қоймасы жекеменшіктен мемлекетке қайтарылды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

2017 жылы "Ворошиловское" су қоймасы 49 жылға сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға жеке кәсіпкерге берілген. 2021 жылы жеке кәсіпкер қайтыс болғаннан кейін су қоймасын басқару құқығы қосымша келісім негізінде мұрагер ретінде оның жесіріне өткен. Алайда басқару келісімі мен бизнес-жоспар талаптарының нашар орындалуы, тиісті бақылаудың болмауы және тиімсіз басқару салдарынан 2024 жылы су қоймасының бас бөгеті жарылып, мемлекет меншігіне едәуір шығын әкелген. Үлкен аумақтар суарусыз қалған.

Кәсіпкердің әйелі Қаржы басқармасының шағымдарына дұрыс жауап бермегендіктен, басқарма сотқа талап арызбен жүгініп, шартты жарамсыз деп тануды талап еткен.

Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты істі қарап, кәсіпкердің қайтыс болуы онымен жасалған сенімгерлік басқару шартын бұзуға негіз бола алатынына келіскен.

Осылайша мемлекеттің заңды мүддесі қалпына келтірілген.


Рекомендовать
Последние новости