Алдағы уақытта Алматыда «Инватакси» қызметі автокөліктерінің саны 130-ға дейін артады

Жарбол Кентұлы 04 дек. 2024 01:50 412

Алматы қаласы Мәслихатының алдағы сессиясында 2025-2027 жылдарға арналған бюджеттің тиісті жобасын қарап, алдағы уақытта маңызды бағыт қала тұрғындарын әлеуметтік қолдау болып қала беретінін алға тартты, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы қаласы Мәслихаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәслихат депутаттары қалалық бюджеттің негізгі бағыттардың бірі қала тұрғындарын әлеуметтік қолдау болып қала беретінін ашып айтты. Осылайша, қаланың жаңа бюджет қаражатының бір бөлігі әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға және инклюзивті қалалық ортаны құруға бағытталатын болады.

Өз кезегінде мәслихат депутаттары Алматыда «Инватакси» қызметіне үлкен сұранысқа ие кенін ескеріп, алдағы уақытта автокөліктердің саны 130-ға дейін ұлғайтып, қаладағы 2,7 мыңнан астам мүмүмкіндігі шектеулі тұрғындарды көлік қызметтерімен қамтамасыз етуді көздеп отыр. Бүгінде ай сайын «Инватакси» арқылы 30 мыңнан астам қызмет көрсетіледі.

Бұдан басқа, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша 2025 жылғы 1 сәуірге дейін «Инвестиция орнына тариф» бағдарламасы шеңберінде азаматтардың сегіз санаты үшін өтемақы төлеу жалғасады, бұл коммуналдық қызметтер тарифтерінің өсуін өтеуге мүмкіндік береді.

Алматыда 2025 жылдан бастап жұмысқа орналастырудың барлық кезеңдерінде – бос орын іздеуден бастап жұмыс орнында бейімделуге дейін мүгедек адамдарды қолдауға бағытталған жаңа Jobcoach жобасы іске қосылуда.

Жоба Берлиндегі табысты жұмыс тәжірибесіне негізделген және қызметкерлер мен жұмыс берушілерге көмектесетін арнайы оқытылған тәлімгерлердің жұмысын қамтиды. 2025 жылы 300 адамға дейін жұмыспен қамту жоспарлануда.

Кедергісіз орта құру маңызды бағыт болып қала береді. 2025 жылы тұрғын үйлерді, қоғамдық кеңістіктерді, тротуарлар мен аялдама кешендерін қоса алғанда 32,5 мың нысанды паспорттау және қаланың 1,5 мың инфрақұрылым нысандарын бейімдеу жоспарлануда.


Рекомендовать
Последние новости