Алдағы оқу жылы Шығыста оқушыларға терең білім беретін 476 кабинет ашылады

Dalanews 29 мар. 2018 08:06 1107

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің биылғы Қазақстан халықына арнаған Жолдауында еліміздің білім беру саласын жетілдіруді негізігі мақсаттардың бірі ретін атып көрсеткен болатын. Міне, содан бері, елімізде білім беру жүйесі экономикалық өрлеудің өзегі айналып, білімге қатысты ақпарат алудың ашықтығы мен тиімділігі қалыптаса түсті.



Жақында Шығыс Қазақстан облысы бойынша аймақтық коммуникация қызметінде ШҚО Білім беру басқармасының басшысы Әсел Қайырбекова журналистермен жүздесіп, өңірде білім беру саласын бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайында жан-жақты әңгімелеп берді.

Өз кезегінде Әсел Қайырбекова өңірдегі білім беру саласы Елбасы Жолдауында атап көрсетілген бағыттарға сай бүгінгі өмірімізбен толықтай үйлесуі керек екенін алға тартты. Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облысында ұстаздар қауымның мәртебесін көтеру бағытында маңызды жұмыстар атқарылып жатқанын осы кездесуде Білім басқармасы басшысының өзі хабардар етті.

Жолдауда атап көрсетілген міндеттерге сай болуы үшін 2017 жылы шығысқазақстандық педагогтар білім беру жүйесіндегі оқу бағдарламаларының заманауи талаптармен үйлестіріп, көптеген жұмыстар атқарыпты. Алқалы басқосуға қатысқанымызда жаңа мазмұндағы білім беру жүйесімен қазіргі таңда Шығыста 1, 2, 5, 7 сынып оқушылары білім алып жатқаны айтылды. Алдағы жаңа оқу жылынан бастап білім берудің жаңа мазмұнына 3, 6 және 8 сынып оқушылары көшпекші.

2018 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Шығыс Қазақстан облысында «Менің мектебім» жобасы аясында физика, химия, биология, информатика пәндері бойынша заманауи 476 кабинет ашылады. Сонымен қатар өңір бойынша оқушыларға робототехника саласының қыр-сырын үйрететін 272 кабинет жұмысын бастайды деп күтілуде.

Бұдан басқа өңірдегі білім беру саласын дамытуда ұстаздар қауымның біліктілігін көтеруге де баса көңіл бөлінбекші.

 

https://dalanews.kz/35068

Рекомендовать
Последние новости