Әл-Фараби даңғылын көгалдандыру жұмыстары неге түнде жүргізілмейді? Бостандық ауданының әкімдігі түсіндірді

Ақтоты Жапатова 29 апр. 2025 13:35 259

Алматының Бостандық ауданының әкімдігі әл-Фараби даңғылын көгалдандыру жұмыстары неге түнде жүргізілмейтінін түсіндірді,- деп хабарлайды Dalanews.kz.

«Халық қатысатын Бюджет» бағдарламасы аясында Бостандық ауданында әл-Фараби даңғылының бойындағы аумақты абаттандыру жалғасуда.

Аудан әкімінің аппараты даңғылдың екі жағынан - оңтүстік және солтүстік жағынан суару жүйесін салу жөніндегі жобаны іске асырады, сондай-ақ орталық бөлу жолағын көгалдандыруды жүргізеді.

Көлік жүктемесін азайту үшін жұмыстар келесі кесте бойынша ұйымдастырылған:

  • 08:00 - ден 12:00-ге дейін - әл-Фараби даңғылының солтүстік жағында;
  • 13:00 - ден 17:00-ге дейін - оңтүстік жағында.

«Жұмыскерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түнгі уақытта жұмыстар жүргізілмейді», - деп атап өтті аудан әкімдігінде.

Барлық жұмыстардың болжамды аяқталуы ағымдағы жылдың маусым айына жоспарланған.

Әкімдік жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарауды сұрады. 


Рекомендовать
Последние новости