Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тарих факультетінде түлектерге салтанатты диплом тапсыру рәсімі өтті

Ақтоты Жапатова 04 июл. 2025 16:07

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тарих факультетінде ерекше күн өтті. Оқуда жоғары нәтижеге жеткен 39 түлекке үздік диплом табысталды,- деп хабарлайды Dalanews.kz

Салтанатты шараның ашылуында ҚазҰУ-дың тұрақты әлеуметтік даму жөніндегі проректоры м.а. Жұлдыз Есімова ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы-Ректоры Жансейіт Түймебаевтың атынан құттықтау хатын оқыды.

Осыдан кейін тарих факультетінің деканы, тарих ғылымдарының докторы Досбол Байқонақов құттықтау сөз сөйлеп, зерттеу жұмыстарына атсалысқан және үздік нәтижелер көрсеткен түлектерге алғыс білдірді. Декан оларға сәттілік пен кәсіби жетістіктер тіледі.

Студент жастар атынан 2024-2025 оқу жылының студенттік деканы, «Музей ісі және ескерткіштерді қорғау» білім беру бағдарламасының түлегі Назерке Берікқызы сөз сөйледі.

Ата-аналар атынан факультет түлегі Марал Адилеттің анасы Ұлдай Жаппарова сөз алып, барлық оқытушылар мен университет басшылығына адал еңбегі мен жастарға берген білімдері үшін алғысын жеткізді.

Осыдан кейін сахнаға тарих ғылымдарының докторы, профессор Рысгелды Мырзабеков және белгілі профессор Қалыш Аманжол шығып, жас мамандарға «Археология», «Этнология және антропология», «Музей ісі және ескерткіштерді қорғау» білім беру бағдарламалары бойынша дипломдар табыс етті.

Шара барысында «Археология, этнология және музейтану» кафедрасының меңгерушісі Ринат Жұматаев студенттердің белсенді қатысуына ерекше алғыс білдіріп, факультеттің қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне қосқан үлесін атап өтті. Алғыс хаттар 10 түлекке табысталды.

Жалпы факультет бойынша120 түлекке диплом табысталды. Оның ішінде 71 - бакалавр, 49 - магистрат, 17 - докторант. Олардың арасында шетелдік студенттер Өзбекстаннан бір бакалавр, Ресей Федерациясынан бір магистрант және Танзаниядан бір докторант бар.


Рекомендовать
Последние новости