Отандық полиция мақтан тұтатын криминалистиканың тарихы өте тереңнен бастау алады.
Тәуелсіз Қазақстанның криминалистикасы егемен елмен бірге дамып, уақыт өткен сайын тәжірибе жинап келеді. Криминалистердің қылмыстық істерді жүргізудегі жұмыстары өте ауқымды.
Ол ұрлық та, кісі өлтіру оқиғасы да болуы мүмкін. Іс жүргізудегі дәлелдемелер криминалистер жұмысының нәтижесінде табылып, ашылады. Бұл мамандық иелері көзге көрінбейтін іздерді тауып, оларды салыстырып, мұқият зерделеп, көптеген қылмыс фактілерінің бетін ашуға көмектеседі.
Криминалистің жұмысы асқан мұқияттылықты, үлкен жауапкершілікті талап етеді. Бірде-бір дәлел, кішкене детальдің өзі көзден таса болмауы тиіс. Қылмыс орнын зерттегеннен кейін криминалистер арнайы жабдықталған кабинеттерде жұмысын жалғастырады. Бір сөзбен айтқанда олар «көзге көрінбейтін майданның» жауынгерлері болып табылады.
М. Есболатов атындағы Алматы академиясының Баспасө қызметі