Адвокаттар Салтанат Нүкенованың қайғылы оқиға болған күнгі киімдерін көрсетті

Көркем Алдабергенова 15 апр. 2024 15:51 3773

Сотта марқұм Салтанат Нүкенованың қайғылы оқиға болған күні киген киімдері көрсетілді, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Ең алдымен Салтанаттың белдемшесі көрсетілді. Бұл киімдердің бәрі қайғылы оқиға орнында табылған. 

Сонымен қатар, адвокаттар қара шалбарды алып шықты. 

Одан бөлек, қара аяқ киімі де көрсетілді. 

Еске салайық, бұған дейін Бишімбаевқа қатысты сотта тағы бір күтпеген есім аталған болатын. Әйелін өлтірді деп айыпталып отырған экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысында күтпеген мәлімдеме жасалды. Бүгінгі сот отырысында Бақытжан Байжанов тергеу изоляторында оның Бишімбаевпен кездесуін ұйымдастырған адам болғанын мәлімдеді.

Байжанов тергеу изоляторына Бауыржан Мусин есімді адам келгенін айтты. 

"Бауыржан Мусин маған төрт рет келді. Мені камерадан шығарып алды. Оған барсам, жанында Бишімбаев тұр. Яғни ол кездескісі келген. Мен бірден бұрылып, кетіп қалдым. Әкімшілікке маған жақындамасын дедім, өйткені оның маған келуін сұрамадым. Менің адвокаттарым да сұрамады. Ол содан кейін де екі-үш рет келіп, мені Салтанаттың отбасына қарсы қоюға тырысты", - деп жауап берді Байжанов.

БАҚ-та Бауыржан Мусин деген адамның есімі 2017, 2018 жылдары жиі жазылған. Ол сол кездегі ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары болды деген ақпарат бар. Сонымен қатар, Мусиннің 400 мың теңге парамен ұсталып, қамауға алынғаны туралы да деректер бар.


Рекомендовать
Последние новости