Әблязовтың сыбайласы Поткинге іздеу жарияланды

Сағыныш Сардарова 13 февр. 2024 10:24 1838

Ресейдің ІІМ Александр Поткинге (Белов) қылмыстық бап бойынша іздеу жариялады. Оған қандай айып тағылғаны нақтыланбады. Ол бұрын ақша ұрлағаны, заңдастырғаны және экстремистік қауымдастық құрғаны үшін сотталған, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

rbc.ru деректеріне сүйенсек, 2011 жылдан 2015 жылға дейін Поткин экстремистік деп танылған және тыйым салынған "орыстар" ұлтшыл ұйымын басқарды және оған дейін экстремистік деп танылған, тыйым салынған заңсыз иммиграцияға қарсы қозғалысты басқарды.

2014 жылғы қазаннан бастап БТА банкінің салымшыларынан ақшасын ұрлау және заңдастыру туралы іс бойынша қамауда болды. Сонымен қатар, Қазақстандағы саяси жағдайды тұрақсыздандыру бойынша экстремистік қауымдастық құрды деп те айыпталды.

2016 жылы Поткин 7,5 жылға сотталды, бірақ кейінірек экстремизм ісі бойынша мерзім 3,5 жылға дейін қысқарды. БТА банкінің талабы бойынша оған 5 миллиард рубль төлеу міндеттелді. Экстремизм бойынша мерзім 2018 жылғы сәуірде аяқталды. 

 


Рекомендовать
Последние новости