Абай облысы Жарма аудандық сотында көрінеу жалған айғақтар беру фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды,- деп хабарлайды Dalanews.kz
Сот талқылауы барысында анықталғандай, Т. есімді азамат ауыр қылмыс бойынша (ҚК-нің 337-бабының 4-бөлігі "Заңсыз аңшылық") қозғалған қылмыстық іс шеңберінде куә ретінде жауап беріп, көрінеу жалған айғақтар берген. Ол Қылмыстық кодекстің 420-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік туралы ескертілгеніне қарамастан, тергеу барысында және сот отырысында шындыққа жанаспайтын мәліметтерді қасақана айтып, сотты жаңылыстыруға тырысқан. Оның бұл әрекеті өзінің танысын қылмыстық жауапкершіліктен алып қалуға бағытталғаны анықталды.
"Сот Т.-ны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 420-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", - делінген хабарламада.
Сот үкімі заңды күшіне енді.