А. Көлгінов: «Қолжетімді тұрғын үй құрылысы көлемі 3 есеге артады»

Dalanews 21 янв. 2020 11:02 965

Елорда әкімі Алтай Көлгінов пен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова қолжетімді тұрғын үйге кезекте тұрған азаматтардың мәселелерін талқылады.

Қала әкімі Алтай Көлгінов бірінші кезекте қолжетімді баспана пәтер алуға кезекте тұрған азаматтарға берілетінін айтты.

– Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл қолжетімді тұрғын үй құрылысы көлемі 3 есеге артады. Қолжетімді тұрғын үй бірінші кезекте ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, мүгедек азаматтарға, толық емес, көпбалалы отбасыларға, жетім балаларға және халықтың басқа да әлеуметтік топтарына беріледі. Оның ішінде медициналық ұйымдардың қызметкерлері, мұғалімдер мен әлеуметтік қызметкерлер бар.


Осы орайда тұрғын үй құрылыс жинақ банкі маңызды функцияны атқарады. Мәселен, өткен жылы тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 10,5 мыңнан астам салымшысы өз пәтерлеріне ие болды, – деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова атап өткендей, банк жүйесіне сәйкес клиенттер 3,5% - дан 5% - ға дейінгі мөлшері бойынша тұрғын үй сатып алуға несие алуға мүмкіндіктері бар. Нұр-Сұлтанда банктің 215 мың салымшысы бар.

Рекомендовать
Последние новости