"20 млн теңгеге татитын жұмыс істеймін". Депутат Базарбек дау тудырған сөзін түсіндірді

Сағыныш Сардарова 10 сент. 2025 12:23

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек дау тудырған сөзін түсіндірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жуырда ол "20 миллионға татитын жұмыс істеп жүрмін" деп жұртты таңғалдырған еді. Халық қалаулысының айтуынша, ол сөзінің мәні атқарып жүрген жұмысының ауқымына қатысты болған.

"Заң бойынша талап етілгеннен әлдеқайда көп еңбек етемін. Жиырма есе артық десем де болады, тіпті отыз есе шығар. Жоғарғы аудиторлық палата, Жер ресурстары комитеті, Су ресурстары және ирригация министрлігі, Экология министрлігі мен экологиялық инспекция тарапынан тексеріс жүргізуге бастамашы боламын. Яғни мемлекеттік органдар өздері атқаруға тиіс шаруаны кейде менің әрекетім арқылы орындауға мәжбүр болады", – деді ол.

Депутат бұл іс-әрекеттер оның тікелей міндетіне кірмейтінін де айтты. Алайда ол мемлекеттік органдар өз қызметін тиісінше атқармағандықтан, оған қосымша жауапкершілік алуға тура келетінін жеткізді.

Айта кетейік, 8 қыркүйекте Бақытжан Базарбек Мәжіліс депутаты ретінде атқарып жүрген жұмысы шамамен 20 миллион теңгеге татиды деген пікір білдірген болатын.


Рекомендовать
Последние новости