141 мектеп «Starlink» интернетіне қосылды – ШҚО

Dalanews 10 авг. 2024 19:09 2437

Шығыс Қазақстан облысындағы барлық 343 (100%) мектеп Интернет желісіне қосылған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

2023 жылы «Starlink» спутнигі арқылы Интернет жылдамдығын арттыру мақсатында 170 мектептің тізімі әзірленген болатын. Жабдықты орнату 2024 жылдың 25 мамырынан басталды.

Бүгінге дейін «Starlink» спутниктік интернетінің 170 жиынтығының 141-сі орнатылып, 138-і іске қосылып қойды. Қалған 3 жиынтық Ресеймен және Қытаймен шекаралас аймақта орналасуына байланысты әзірше іске қосылмады.

Сондай-ақ Ресеймен және Қытаймен шекаралас желіні қамту аймағында орналасқан 28 мектептегі орнату жұмыстары Starlink өкілдерінің ресми жауабына дейін жабдықты белсендіру мәселесіне байланысты тоқтатылғанын айту керек.


Рекомендовать
Последние новости