Полиция Қуат Найманды құрықтады

Dalanews 15 қыр. 2020 02:56 250

Алматы қаласының полйцейлері ережесіз жекпек-жектің қас шебері, белгілі спортшы Қуат Найман әлеуметтік желіде зорлық-зомбылыққа үгіттеген деген айып тағып, жауапқа тартылғанын Polisia.kz сайты хабарлады.

Құқық қорғау органдары әлеуметтік желіге мониторинг жасау кезінде Қуат Хамитовтың видеосынан зорлық-зомбылыққанасиахттағанын анықтаған. Бұл жағдай Қылмыстық кодекстің 272-бабы 3-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне енгізілді.

Сайттың хабарлауынша тергеу шараларының нәтижесі бойынша нақты процессуалды шешім шығарылып, Хамитовтың әрекетіне құқықтық баға берілген.


Биліктің заңды талаптарына белсенді бағынбауға, жаппай тәртіпсіздікке және азаматтарға қатысты күш қолдануға шақыру, арандату үшін үш жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе осы мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы қарастырылған.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x