Елзат Ескендірдің фильмі Азияда топ жарды

Dalanews 20 қаз. 2016 08:06 286

Қазақстандық режиссер Елзат Ескендірдің «Өліара» фильмі Оңтүстік Кореяда өткен Пусан халықаралық кинофестивалінің сыйлығын жеңіп алды.

 

Елзат Ескендіровпен бірге Sonje Award аталымына Viewer (көрермен) фильмі үшін оңтүстіккореялық Ким Соуен де лайықты деп табылды. Жеңімпаздарғы сыйлық ретінде мүсін мен 10 млн кореялық вон (10 мың доллар) беріледі. Бұл туралы Қазақпарат порталы хабарлады.

вв

Айта кетейік, фильм танымал жазушы Оралхан Бөкейдің повесінің негізінде түсірілген. Бұл повестің басты кейіпкері – бақташы. Ай туатын уақытта ол рухани дағдарысты бастан өткереді. Ол әйелінің «көзіне шөп салғанын» біліп қалып, одан мүлдем кетіп қалмақ болады.

Безымянный

Фильмнің қоюшы-режиссері Елзат Ескендір, ал фильмді таспалаған басты қоюшы оператор – Мейірбек Беспаев. Сценарий авторы – Елзат Ескендір мен Өміржан Әбдіхалықұлы. Басты рөлдерді Асылболат Смағұлов, Баян Қажынабиева, Дулыға Ақмолда және Мақсат Әбдірахмен сынды сақа актерлер сомдаған. Ал, фильмнің продюсері Сергей Әзімов, қосымша-продюсерлері Анна Вилгельми (Германия), Дария Әзімова.

Атқарушы продюсер – Дәурен Дариябек.

пп

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x