"Президент мырза, көмектсеңізші!". Тоқаев жас жігітке көмек көрсететін болды

Dalanews 05 қыр. 2022 13:36 262

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Қостанай облысына жұмыс сапарымен келіп, өрттен зардап шеккен халықпен жүздесті, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Шұғыл әрекет ету штабы отырысынан кейін Мемлекет басшысы орман өртінен зардап шеккен Аманқарағай ауылының аумағын аралады.

Халық Тоқаевқа өз мәселелерін де жеткізген. Руслан Шарафутдинов есімді тұрғын, Тоқаевқа жолықпақшы болған. Оның сол сәттегі видеосын Ұларбек Дәлейұлы Фейсбук парақшасында жариялады.

– Президент Әулиекөлге келді. Тұрғындармен кездесіп, көңілдерін орнына түсірді. Сыртқа шыға бергенде көп ішінен бір жігіт айқай салды. Сол сәтте Мемлекет басшысы қаумалаған күзетшілерді ысырып тастап, оған қарай өзі барып, қал-жағдайын сұрады. Әкім-қаралардың түсі Аманқарағайдың өртін сөндіріп келгендей бұзылды, – деп жазды Ұларбек Дәлейұлы.


Ал Президенттің жанында 20 метрдей жерде ешкімді жақындатпай күзет тұрған. Сәуле Алипова есімді желі қолданушысының мәліметінше, Руслан топ ішінен "Президент мырза, көмектсеңізші" деп айғайлаған. Тоқаев дауысын естіп, қасына өзі келіп, жағдайын сұраған.

«Жағдайымды анықтап сұрап болған соң, көмектесуге уәде беріп, қасындағы көмекшісіне, құжаттарын қарап көмектесіңдер деп тапсырма берді. Бүгін сағат 17-00 ге, сол жерде Президенттің көмекшісіне құжаттарымды апарып көрсететін болдым» деп жас жігіт мәз болды. Осылайша үйін әкімдіктің салғырттығынан жоғалтқан Руслан үйді қайтаратын үміт пайда болды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x