Олигарх Украин әскеріне 12 беспилотникті тарту етті

Dalanews 26 там. 2022 03:42 262

Украинаның экс-президенті Леонид Кучманың күйеу баласы, олигарх Виктор Пинчуктың қоры украин сарбаздарына «Фурия» деп аталатын 12 ұшқысыз ұшатын құрылғы тарту етті.

Ел басына күн туғанда украиндық олигарх әскеріне көмектесіп, оккупанттарды жеңуге өз үлесін қосуда. Олигарх алып берген беспилотникті сарбаздар Украинаның шығысы мен оңтүстігіндегі барлау мен атыс барысын дәл анықтауға пайдаланбақшы.

«Фурия» беспилотнигін Украинаның өзі өндіреді. Құрылғы ауа райы жақсы кезде көк аспанда 3 сағатқа дейін ұшып, 50 шақырым аумаққа барлау жасай алады.


– «Фурия» беспилотнигі 15 шақырым қашықтықта орналасқан окупанттардың артиллериясы қай жерде орналасқанын анықтап береді. Мұндай қашықтықта бізге қарапайым квадрокоптерлер көмектесе алмайды. Ал «Фурия» беспилотнигі болса, жаудың алғы шептегі техникасымен бөлімдерін талқандауға айрықша көмектеседі, – дейді Украинаның әскерилері.

Соғыс басталғалы бері Виктор Пинчуктың қоры әскер мен халықты қолдауға 45,3 млн доллар бағыттағанын айта кетуіміз керек.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x