Алматыда екі бала мен әжесі дәретхана шұңқырына түсіп, мерт болды

Dalanews 01 шіл. 2021 07:23 181

30 маусымда "екі бала көшедегі әжетхананың шұңқырына құлап кетті"деген ақпарат республикалық жедел-құтқару жасағының шұғыл желісіне келіп түсті, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Оқыс оқиға Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы Абай ауылында болған.

РЖҚЖ жедел тобы оқиға орнына 6 адамнан тұратын құраммен жетті. Шұңқырға алдымен 2020 жылы туылған қыз түсіп кеткені белгілі болды. 2009 жылғы ағасы өз бетімен қарындасын одан алып шықпақшы болып, көмекке жеткен. Әжесі мен әкесі де не болып жатқанын байқап, оларды құтқаруға тырысады. Тек балалардың әкесі аман қалды, оны құтқарушылар келгенге дейін шығарып, жедел жәрдем дәрігерлері алып кеткен.

РЖҚЖ жасағы шұңқырдан балалар мен әжені шығарып алды, бірақ олар мерт болған, - деді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі РЖҚЖ баспасөз қызметі

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x