Тоқаев: "Сергек" жеп үйренген кейбір полицейлерді табысынан қақты"

Dalanews 19 там. 2020 10:21 241

Президент Тоқаев коррупцияға қарсы күрес жөніндегі жиында мемқызметті цифрландыруды жеделдету керегін айтты деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Цифрландыру жұмысын жүрдектету керек. Қағабастылықтан, бір мекемеден бір мекемеге құжат таситын бюрократиядан арылу қажет. Цифрландыру мұндай кемшіліктердің көзін жоюы керек.

Бюджеттің кіріс-шығысын көрсетіп отыратын интерактивті карта биыл 7 трлн теңгенің қайда жұмсалғанын жұртқа жария етті.

"Сергек" секілді жаңа технологиялар мемлекетке пайда әкелмесе, зиянын тигізбейді. Соның арқасында пара алып үйренген кейбір полицейлер "табысынан" айырылды. Бұл тәжірибені барлық меморгандар, соның ішінде әкімдіктер назарға алуы тиіс.

Цифрландыру коррупцияға себепші болатын адами фактордың алдын-алады", – дейді Тоқаев.

Коррупцияға қарсы күрес жөніндегі Тоқаев мәлімдемесінің толық мәтінін төменнен оқи аласыз: 

https://dalanews.kz/55545

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x