Мысыр мен Түркия Ливия жерінде соғысуы мүмкін

Dalanews 22 шіл. 2020 02:41 245

Мысыр президенті Түркия қолдауына ие Ливияға қарсы соғысуды қалайды. Енді мұндай ұстанымды парламент қолдады.

Мысыр әскері "батыс майданда" шоғырлануы тиіс делінген парламент қаулысында. Мысыр батыста Ливиямен шектесіп жатыр.

Батыс ақпарат құралдарының хабарлауынша, қарулы күштердің осы бағытқа қарай қозғалысы Мысыр пен Түркия сарбаздарының қақтығысына әкеп соқтыруы әбден мүмкін.


Мысыр, БАӘ және Ресей ливиялық үкіметке қарсы шыққан қолбасшы Халиф Хафтар қарулы күштерін қолдап отыр. Шілденің басында ол Ливия астанасы Триполи қаласына шабылдаудан бас тартты, өйткені сол кезде Түркия Ливия үкіметін қолдайтынын мәлімдеген еді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x