Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 1341 адамға жетті

Dalanews 16 сәу. 2020 07:16 232



Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 10 адам тіркелді, оның ішінде Нұр-Сұлтан – 3, Солтүстік Қазақстан облысы – 1, Ақмола облысы – 1, Жамбыл облысы – 1, Алматы облысы – 4 адам.




Қазақстанда тағы 10 адамда коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлады мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

"Нұр-Сұлтан қаласында – 3, Солтүстік Қазақстан облысы – 1, Ақмола облысы – 1, Жамбыл облысы – 1 және  Алматы облысында – 4 адам Covid-19 жұқтырды", - делінген хабарламада.


Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны - 1341 адам.

Алматы қаласы– 393, Нұр-Сұлтан қаласы – 305, Қызылорда облысы – 131, Қарағанды облысы – 84, Ақмола облысы – 81, Атырау облысы – 70, Жамбыл облысы – 50, Түркістан облысы – 49, Шымкент – 43, Солтүстік Қазақстан облысы – 29, Алматы облысы – 29, Батыс Қазақстан облысы – 25, Ақтөбе облысы – 14, Павлодар облысы – 13, Маңғыстау облысы – 12, Шығыс Қазақстан облысы – 8, Қостанай облысы – 5.

240 адамның жазылғаны хабарланды, 16 адам қайтыс болды.


 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x