Тоқаев коронавируспен күрескен дәрігерлерге сыйақы тағайындайды

Dalanews 18 нау. 2020 06:11 228

Президент олардың қажырлы еңбегі үшін алғыс білдірді.




Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустық індет кезінде еңбек етіп жатқан дәрігерлерге алғысын білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Коронавирусты анықтау, науқастарды емдеу және вирустың одан әрі таралмауы үшін аянбай еңбек етіп жатқан дәрігерлерге алғыс айтамын. Үкімет осындай қызметкерлерге сыйақы беру шараларын қабылдайды", деп жазды Президент Twitter-дегі парақшасында.

https://twitter.com/TokayevKZ/status/1239940022771634177

Бұған дейін Алматыда коронавирустық инфекцияның тағы екі жағдайы анықталғаны хабарланған.

Қазір елде ауруды жұқтырғандардың жалпы саны - 35 адам.


Алматыда коронавирустық инфекцияның тағы екі жағдайы тіркелді. Бүгінгі таңда елімізде коронавирус бойынша 35 жағдай расталды. Олардың 17-сі - Алматыда, 18-сі - Нұр-Сұлтан болған, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x