"Гарант Ломбардты" жарнамалаған жұлдыздар жауапқа тартылуы мүмкін

Dalanews 25 ақп. 2020 12:59 260

ҚР Бас прокуратурасы ел азаматтарын алаяқтарға сенбеуге шақыратын хабарлама таратты, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Оның мәтіні төмендегідей:

Қазіргі таңда құқық қорғау органдарына "Гарант 24 Ломбард", "ESTATE Ломбард" ЖШС және "Нурали Капитал", "Выгодный займ" микрокредиттік ұйымдарының иелері азаматтардың жылжымалы және жылжымайтын мүліктерін, ақшалай қаражаттарын заңсыз иемденіп алу әрекеттеріне қатысты арыздар түсуде.



Аталған ұйымдармен 42 мың келісім-шартқа отырған 6 мыңнан аса азамат жүгінген. Полиция органдары олардың өтініштері негізінде 22 қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Ломбардтардың 1 менеджері мен 12 филиал директорлары жауапкершілікке тартылуда.

Тергеудің объективтілігін қамтамасыз ету үшін процессуалдық прокурорлар бекітілген.

Алаяқтар өз мақсаттарына жету үшін түрлі жарнамаларды белсенді түрде қолданғаны, олардың ішінде шоу-бизнес жұлдыздары мен танымал блогерлерді пайдаланғаны анықталды.


Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жарнама жасауды жүзеге асырған және таратқан тұлғалардың жауапкершілігі қарастырылып, олардың әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады.

Бас прокуратура азаматтарға кіріс көзі дәлелденбеген қомақты қаражатқа қол жеткізу туралы уәде ететін күмәнді ұйымдарға өз қаражаттарын сеніп тапсырмауға шақырады.

Еуразия арнасының хабарлауынша халық "Гарант 24 Ломбардқа" 12 млн теңгеге дейін салған. 


Ең азы 300 мың, ал өзгесі 12 млн теңгеден қағылдық деп отыр. Мекеме 3 айда ақшаңды екі есе көтеріп аласың, өтпей жатқан мүлкіңді қымбатырақ бағаға сатасың деп уәде беріпті. Алайда, бірнеше күн болды табыс жоқ, жер-жердегі басшылары тұтылып  жатыр. Ал желіде жарнама жасаған жұлдыздар жұрттан шетінен кешірім сұрап әлек.

Әнші Айқын Төлепберген бұл компанияны былай деп жарнамалаған еді.

«Зарабатвайте больше соотвественно! Если у вас есть вопросы, вы можете подойти в офис, который имеется в 11-и городах Казахстана".
«Меніңше, бұл біздің нарықтағы ең тиімді, ең қолайлы, алып-сату болып табылады, сондықтан өз мүмкіндіктеріңізді пайдалы жұмсаңыздар".
«Вся информация в комментариях. Айқын Төлепберген. Гарант 24 Ломбард".
«Делайте выгодные продажи друзья. Я их вам рекомендую".

Проценті құрысын, салған ақшамызды қайтарса да разы боламыз дейді салымшылар. Онысын қанша күту керек екенін ешкім айта алмайды әзірге.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x