Қазақстанда 41 адамды коронавирусқа тексеруде

Dalanews 31 қаң. 2020 12:17 216

Қазақстанда 41 адамды коронавирусқа тексеруде, – деп хабарлайды Dalanews.kz.




"Ыстығы көтерілген жұрттың бәрінен сынама алмаймыз, 6 қаңтардан бастап Қытайдан оралған азаматтар ғана тексеруден өтуде.

Бүгінге дейін ыстығы көтерілген әрі тұмау жұқтырған 66 адамды аурухана жеткізіп, оқшау бөлмелерге орналастырдық.


25-і сауығып шықты. Күдікті дегендердің барлығынан қан алып, Алматыдағы қауіпті инфекциялар орталығына жөнелттік. Ол арада коронавирусты анықтайтын әдістеме бар", – деді елдің бас инфекционисі Динагүл Баешева.

Кеше коронавирус жұқтырды деген күдікпен 38 адам ауруханаға жеткізілген. 29 қаңтарда Қытайдан келген 35 азаматтың ауруханаға түскені хабарланған еді.

Бұдан бұрын Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов халыққа үн қатып, қауіпті індетке қатысты қауесет таратпауды сұраған.

"Бұдан бөлек дәріханаларда бетперде бағасының неліктен шарықтап кеткенін анықтайтын боламыз", – дейді Біртанов.

Еліміздің бірқатар өңірлері, оның ішінде Нұр-Сұлтанда бетперде тапшы екенін қала тұрғындары әлеуметтік желіде жарыса жазуда.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x