Елордада тазалыққа айрықша мән беріледі

Dalanews 05 желт. 2019 15:30 202

Бүгін елордада санитарлық тазалау бойынша бірыңғай нормаларды қарастырып, санитарлық тазалау жұмыстарына бақылау жасау мәслесі ұсынылды. «Астана Тазалық» ЖШС басшысының орынбасары Марсель Ұзақов тазалық нормаларының жиынтығы қала көшелерін таза ұстауға көмектесетіндігін айтты.

Сонымен қатар аталмыш бірыңғай норма санитарлық тазалауға анықтама беріп, оны қалай жүзеге асыруға болатындығын көрсететіндігін айтты.

– Бірыңғай норма тазалау жұмыстарын қандай техникамен жүргізу дұрыс екендігіне, көшелерді тазалау жиілігі мен тәсілдері сынды сұрақтарға жауап береді.  Сондай-ақ, қазіргі уақытта уәкілетті органдар бақылауды қол режимінде атқаратынын, қаланың барлық аумағын бір уақытта бақылау үшін шектеулі мүмкіндіктерге ие екенін атап өткім келеді. Осыған байланысты, акселератордың белсенді тобы тазалық жұмыстарын бейнебақылау камералары арқылы қадағалауды  ұсынды, – деді М. Ұзақов.

Сонымен қатар, қалалық даму акселераторының жұмысына белсенді түрде қатысқан тұрғындар өз ұсыныстарына тоқталып өтті. Олар жол шаруашылығы объектілерінің төлқұжаттарын өзектілендіруді ұсынды: бұл жиналатын жердің шекарасын нақты ажыратуға, сондай-ақ көше-жол желісінің объектілерін ұстау бойынша қажетті ресурстарды бөлуге мүмкіндік береді.

Қала әкімі Алтай Көлгінов атап өткендей, қазіргі таңда қалалық даму акселераторының 3 бағыты бар, олар: пәтер иелері кооперативтері, қоғамдық көлік және санитарлық тазалау жұмыстарын жақсартуға бағытталған.

Естеріңізге сала кетейік, елорда әкімінің тапсырмасы бойынша 2020 жылдың басынан бастап коммуналдық қызметкерлердің жалақысы көтеріледі. Ал оларға қолайлы еңбек жағдайларын жасау үшін 67 арнайы техника сатып алынды. Сондай-ақ келесі жылдың басында тағы да 90 арнайы техника алынады, олардың бір бөлігін көктем мен жаз мезгілдерінде пайдалануға болады.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x