Бақтияр МӘКЕН: «Қаланы дамытуда қоғам тарпынан нақты ұсыныстар да қажет»

Dalanews 29 қаз. 2019 01:36 271

Нұр-Сұлтан қаласындағы Достық үйінде «Астана – адалдық алаңы» жобасы аясында жолдағы қауіпсіздік мәселесіне арналған дөңгелек үстел өтіп, онда жол қауіпсіздігінің мәселелері қаралды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Өз кезегінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің қазіргі таңда қаланың барлық коммуналдық және әлеуметтік нысандары қысқа дайын екенін жеткізді.

– Қала тұрғындарын қыстың қарсаңында жолдардың жағдайы алаңдатуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздікті, оның ішінде жол қауіпсіздігін күшейтуді тапсырған болатын.

Бүгінгі біздің басты міндетіміз –  азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Кей жағдайда көпшілігіміз мән бере бермейтін мәселелер азаматтардың өмірі мен денсаулығына әсер етуі мүмкін. Мәселен, қар түсіп, көктайғақ кезінде қарды тазалап, жолдарды уақытылы ашып отыру маңызды.


Қазір біз қысқа дайынбыз, барлық алдын-алу шаралары қабылданған. Жарақат қауіпі жоғары кезеңде қала тұрғындарынан өтінім көп түседі. Біз барлық мәселені жедел шешуге тырысамыз, – деді әкім орынбасары.

Бұған қоса басқосуда әкімнің орынбасары кешкі мезгілде қала көшелерінің жарықтандыруына қатысты мәселені де қозғады. Ол азаматтардың қауіпсіздігіне және жол сапасына жол бойында бағдаршамдар мен бейнебақылау камерларының жұмыс айтарлықтай әсер ететінін алға тартты.

– Күн тәртібінен көшелерді жарықтандыру мәселесі түскен емес. Бағдаршамнан бастап бейнебақылау камераларына дейін талқылануда. Жоспар бойынша келесі жылы елордада бейнебақылау камераларының саны артады. Осы ретте бізге қоғамның пікірі маңызды, яғни тек сын-ескертпелер ғана емес, нақты ұсыныстар да қажет, – деп түйіндеді сөзін Бақтияр Мәкен.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x