Қуат Найман – әлем Чемпионы атанды

Dalanews 09 нау. 2018 02:07 276

Танымал спортышымыз Қуат Найман Қытайдың Шанхай қаласында өткен байрақты бәсекеде топ жарып, әлем чемпионы атанды.

Ережесіз белдесудің хас шебері Қуат Найман өткен жылдың аяғында "Менің келесі жұдырытасым 2018 жылдың 6 наурызда Қытайдың Шанхай қаласында өтеді. Бұл жарыста WBK-тің (World Ultimate fighting league) әлем чемпионы атағы бойынша сынға түсемін" деген еді.

Сол бәсеке күні кеше ғана өтіп, Қуат Найман бауырымыз байрақты бәсекеде бағы жанып, әлем чемпионы атанды деген ақжолтай хабар келіп жетті.

Күрзі жұдырықты бауырымызды кезекті жеңісімен құттықтаймыз!



 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x